Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зарина Дияс Джорджия ITF турнирінің жартылай финалына шықты

23 қазан 2021, 23:45

Қазақстандық Зарина Дияс АҚШ-тағы Джорджия ITF турнирінің жартылай финалына өтті.

Жүлде қоры 80 мың АҚШ доллары жарыстың ширек финалында доданың 2-ракеткасы болып тіркелген Зарина америкалық Виктория Дювальмен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші 1 сағат 16 минутқа созылған кездесуде 6:1, 6:4 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Енді Зарина Дияс финалға жолдама алу үшін әлемнің 94-ракеткасы, тағы бір америкалық Мария Беатриспен кортқа шығады.

Айта кетейік, бұдан бұрын тағы бір отандасымыз Александр Недовесов жұптық сында Антверпен турнирінің жартылай финалына шыққан болатын. Алайда Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда франциялықтар Николя Маю мен Фабрис Мартен жұбынан 6:7, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

aikyn.kz