Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зейтц – екінші, Вини – үшінші

05 мамыр 2011, 11:15

«Астана» велоклубы «сәтсіздік дағдарысынан» шыққан секілді. Соңғы кездері жерлестеріміз жеңістерімен жиі қуантуда.
Алдымен Түркия жерінде өткен «Пре­зидент кубогы» көпкүндігінің қорытынды есебінде жерлесіміз Андрей Зейтц екінші орынға ие болды. Жалпы, Түркия турни­рінде таулы-қыратты жолдар кездессе де, спринтерлік көпкүндік ретінде саналады. Соған байланысты «Астана» бұл жарысқа не­гізінен спринтерлерін жіберген болатын. Асан Базаев, Алан Дэвис, Сергей Ренев, Ва­лентин Иглинский сынды «астаналық» сп­ринтерлерді, Тайлер Фаррар, Алессан­дро Петакки сынды әлемдік деңгейдегі саңлақтарды артта қалдырған Андрей Зейтцтің еңбегі, шынында да, ерекше атап өтерліктей.
Сондай-ақ Александр Винокуров Швей­цария жерінде өткен «Романдия ту­рында» ерлеп, қорытынды есепте үздік үш­тікке енді. Жалпы, Вини үшінші кезеңде-ақ жүлделі орынға іліккен. Үшінші турда же­ңімпаз атанып, қалған кезеңдерді бір қа­лыпты жүріп өтті. Нәтижесінде, соңғы жарияланған UCI рейтингінде 146 ұпаймен 10-орынға көтерілді.