Суррогат ана. Бала асырау

Суррогат аналарға қанша ақша төленеді?

  •  Суррогат аналарға қанша ақша төленеді?

    Суррогат аналарға қанша ақша төленеді?

Мен суррогат ана болғым келеді. Біздің елде суррогат ана болғандарға орта есеппен қанша ақша төленеді?

Жанат,
Атырау облысы

Бұл сұраққа «Экомед» клиникасының басшысы, биология ғылымының докторы, эмбриолог ғалым Салтанат Байқошқарова жауап береді:


–Негізі, суррогат ана қызметіне көбіне аналық жатыры операция кезінде алынған не болмаса бала туу өміріне қауіпті болған әйелдер жүгінеді. Бұл бір еріккеннің ермегі емес. Расында да, медициналық себептермен өздері бала көтере алмайтын жағдайларда отбасылар амалдың жоқтығынан суррогат ана қызметіне жүгінеді. Бұл жерде екі жол бар. Біріншісі, бала көре алмай отырған отбасының өз жақын туысқаны суррогат ана қызметін ақысыз атқарып беруі. Екіншісі, арнайы түрде ақылы негізде бөтен әйелмен өзара келісімшартқа отыру арқылы суррогат ана қызметіне жүгіну. Бұл ретте ақы төлеу мәселесі тапсырыс беруші мен суррогат ананың арасындағы келісімшарқа байланысты жүргізіледі. Сыйақы мәселесін өздері айқындайды. Мұндай келісімге қатысты ақпаратты тек қос тарап пен нотариус қана біледі және тиісті дәрежедегі құпиялылық сақталу керек. Бірақ интернетті ашып қалсаңыз, қазір 1-2 мың, 5 мың, тіпті 10 мың долларға суррогат ана боламын деген жарнамалар қаптап жүр. Іздеуші тарап та «сыйақы 8 мың доллар, оған қоса қосымша төлем үшін ай сайын 40 теңге беремін» деген де ақпараттар бар. Десек те, бұл жағын біз емес, өздері шешеді. Бірақ көбіне суррогат ана болуға ауылдан жұмыс іздеп келген әйелдер сұранады. Тұрақты жұмысы жоқ, әлеуметтік жағдайы төмен әйелдер ақылы инкубатор қызметін атқаруға бел байлап жатады. Бүгінгі таңда қоғамда күннен-күнге суррогат ананың қажеттілігі сезілуде. Осы орайда оның қызметін заңдық тұрғыдан айқындау артықтық етпейді.




Көрілген: 1866    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.06.2014, 13:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30