Бауырыңа бала асырауға беру дұрыс па?

Бауырыңа бала асырауға беру дұрыс па?

Жер бетінде қазақтай кеңпейіл ұлт жоқ шығар. Әрине, оның бар немесе жоқ екендігін сөз еткелі отырған жоқпыз. Айтарымыз, біздің халқымыз өзінің ет-жақынын барынша бауырына тартып, оның жүзіндегі мұңды сейілтуге көңіл бөлген. Оны қайталап айтып жатпай-ақ қоялық. Бұл жағдайды бәріміз де білеміз. Көбіміз көріп те өстік. Өмір болғаннан кейін бәрі де кездеседі. Бір отбасында шүпірлеп балаға толса, екіншісін сол перзент бермей қинайды. Оның себебі де түрліше болуы әбден мүмкін. Қазіргідей медицина дамыған кезең емес. Болмашы ғана себеппен әйелдер бала көтере алмай қалуы ғажап емес. Рас, Жаратушы иеміз өте шебер ғой, біреуге перзентті молынан береді, ендігісіне бір шарананы да бермейді. Осындайда қазекем өзінің кіндігінен өрбіген баласын ет-жақын туысының бауырына салып, содан кейін перзентті болып кетуін тілейтін еді. Кейбір жағдайда олардың тілеуі қабыл болып, қанша жылдан кейін өз перзентін сүйіп жататын жағдайлар кездескен. Ондай жағдайда ағасының немесе інісінің, болмаса басқа да ет-жақынынан асырап алған баласын майқұйрық деп те атайтынын білеміз.
Жалпы, өзінің баласын туысқанына асырап алуға беру басқа ұлттарда бар немесе жоқ екенін білмедік. Бірақ, қазақтың осы бір қасиеті өзгені тәнті ететіні жасырын емес. Дегенмен, оған ойланбасқа да болмайды. Кейбірде ондай асырап алған баласын шетқақпай ететін оқиғалар да кездеседі. Мына бір жағдай соның бір көрінісі. Танитын бір азаматтың ағасы отау көтергенмен оның әйелі 10-15 жылдай бала көтере алмайды. Оған қиналған үлкендер інісінің әлі ес біле қоймаған баласын асырауға алып береді. Тіпті, тегін де өзгертіп, соның атына жазады. Үлкендердің бұл шешімі дұрыс болған секілді. Одан кейін перзентке зар болып жүрген әлгі отбасында 3-4 бала дүниеге келді. Осыдан кейін олар асырап алған баласын шетқақпай етеді. Бұл жағдай баланың туған әкесі мен шешесінің құлағына жетіп, екі ортада біршама реніш туындаған. Сол оқиғадан кейін асырап алған бала қайтадан өзінің отбасына оралып, тегін де бұрынғы қалпына келтірген жағдайы бар. Бұл да өмірдің бір көрінісі. Бір тағдырды аяп, оларға сондай қамқорлық көрсетілгенмен, жаңадан өсіп келе жатқан жас өмірдің болашағына көз жіберіп көрдік пе екен? Өйткені, оның жүрегінде жара қалады емес пе? Тіпті, ағайынды кісілердің ортасында алауыздық та пайда болуы ғажап емес.
Тағы бір жағдай. Кейде баланы нағашылары асырап алып жатады. Әрине, мұндайда баланың тегімен қоса руы да өзгеріп жатады. Ондайда асырап алған бала өзінің шын руын айта алмай қиналысқа түседі. Әрине, өсе келе барлығын да біліп өседі емес пе? Өзінің шын руын айтайын десе, асырап алған әкесі мен анасы ренжиді. Сондай-ақ, елдің барлығы бірдей емес қой. Кімнің аузына қақпақ қоясын? Күндердің күнінде баланың асыранды екені айтылып қалуы ғажап емес. Сондайда баланың қаншалықты қиналатынын аңғару қиынға соға қоймас. Өмірде мұндай жағдайлар да аз кездескен жоқ. Осы тұрғыда психологтар өз уәждерін айтады. Баланың санасына елеулі нұқстан келетінін жасырмайды.
Адам баласының бәрі де бірдей емес қой. Кейде асырап алған баласына өзінің туғанынан артық қарайтын кісілер де бар. Имандылық жолынан тыс жүрмейтін олардың бұл қасиеті ерекше бағалауға тұрарлық. Мәселен, бір ағамыз бес-алты жылдай балалы бола алмай жүрген. Содан кейін ағасының балаларының бірін бауырына басқан. Алла тағаламыз ол кісінің перзентті болсам деген ниеті де орындалған. Бірақ, ниетінің кеңдігі арқасында ағамыз асырап алған баласын да туғанынан кем көрген жоқ. Тіпті, олардан артық қарады десек те болады. Әрине, мұндай жағдай кездессе, оған қуанамыз.
Осы тақырып төңірегінде тағы бір мысал. Кейде асырап алған отбасындағы әйелдер баланы тілдеп, оның асыранды екенін бетіне басып жататын жағдай кездеседі. Бұл да өмірден алынған мысал. Мәселен, баланың шын ата-анасы келіп жатса "Ананы қарашы, өзінің әке-шешесіне жабысып алыпты ғой, өзінің туғанын танып жатыр" дейтін адамдар да кездеседі. Бұл жағдайда кішкентай бала қандай көңіл-күйде болады? Осы жағын ойланып көрдік пе екен? Ондай мінезі бар болса, біреудің баласын неге асырап алады? Сондықтан біреуге бала берердің алдында осы жағын мықтап ойланып алғанымыз артық емес шығар.
Рас, бүгінгі күні мұндай бала беру оқиғасы да сиреп барады. Оның себеп-салдары да сан алуан. Ілгеріде әрбір қазақ отбасында 10-15 балаға дейін болатын. Қазір ең әрі еткенде 6-7 баладан аспайтын болды. Олардың өзі сирек. Көбісі 3-4 баладан аспайды. Әйелдердің өзінің денсаулығы да нашар. Осындай себептермен баланы біреуге беруге құлқы жоқ болып барады. Осының салдарынан нәресте иісін иіскеуді аңсаған отбасылар балалар үйінен нәресте асып алып жатады. Дегенмен, оның тегі қандай, қаны қандай? Оны адам да біле бермейді. Өзінің бірге туған бауырының баласы қаны да, тегі де өзінікі болады емес пе?
Қазақтың осы бір үрдісін қаншалықты бағалай алып келеміз? Бұл тұрғыда ойланатын жағдайлар жоқ емес. Оның қаншалықты қажеттігін әрбір әулет немесе отбасы өзі шешеді. Дегенмен, кезінде ата-бабалар аманат еткен сол бір жақсы үрдісті қандай деңгейде зерттей алдық? Ата-бабалар кез-келген адамға баланы беруді қалаған жоқ. Баланың өзінің туғанындай бағып-қаға алатын азаматтарды басты назарда ұстай білді. Соның арқасында кейбір азаматтардың жүзіндегі мұң сейіліп, жаны жадырап кеткені жасырын емес.
Бұл мәселе біздің ұлтымыздығ кеңпейіл танытты. Кейде жетім қалған баланы да бауырына басқан жағдайлар кездескен. Өзінің балалары бола тұрса да, жетімін жылатпай, олардың жасын құрғатуға көңіл бөлді. Алайда, қазір сол дәстүріміз де ұмыт қалып барады. Бауырыңа бала беру дәстүрі ұмытылып бара жатқандай қазір...
Ж. Қорған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста