Шетелден бала асырап алуға бола ма?

Шетелден бала асырап алуға бола ма?

Қазақстан шетелдіктерге бала беру жағынан әлемде үшінші орында тұр екен. Демек, біздің балаларымыздың басым көбін шетелдіктер асырап алып жатыр. Ал бұл ретте біз шетелден бала асырап ала аламыз ба? Оның жолдары қандай?
Асылзат, Ақтау қаласы
Баланың толық, жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жанұя жағдайында, бақыт, мейірім, махаббат аясында тәрбиеленуі қажеттігін, баланың өзі туған елден, сәйкесінше жанұя табылмаған жағдайда шет елдік бала асырау тұрақты отбасын қамтамасыз етерлік мүмкіндік беретінін мойындай отырып, әрбір мемлекет приоритетті мақсат ретінде баланың өз отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету үшін және баланы ұрлау, сату немесе саудалауды тоқтату үшін шаралар қолдану қажеттігін ескере отырып, осы мақсаттарға сәйкес халықаралық құжаттауда, атап айтқанда, 1989 жылы 20 қарашада жарияланған «Балаларды қорғау туралы» БҰҰ Конвенциясында, «Балаларды қорғауға және мүддесіне байланысты әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы» БҰҰ Декларациясында, 1986 жылы 3 желтоқсанда жарияланған «Ұлттық және халықаралық деңгейде балаларды тәрбиелеу және оларды асырап алу туралы» БҰҰ Бас Ассамблеясының 41\85 ұйғарымында көрсетілген қағидаларды назарда ұстай отырып 1993 жылы 25 шілдеде «Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алу қатынасындағы ынтымақтастық туралы» Конвенция Гаагада қабылданып, мемлекеттер өзара келісім жасасты. Қазіргі уақытта 1993 жылғы 25 шілдеде Гаагада қабылданған Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға 52 мемлекет қол қойған, ал 76 мемлекет оны ратификациялады. Өкінішке орай дүниежүзі бойынша балаларын халықаралық асырап алуға ұсынатын елдердің ішінде Қытай, Вьетнам, Қазақстан алғашқы орындарды алуда. Бұл ретте айта кетерлігі, әрине Қазақстандық азамат та халықаралық асырап алушылыққа қол қойған шет елдерден баса асырап алуына болады. Бірақ мамандардың айтуынша, әлі мұндай жағдай кездеспеген. Яғни Қазақстандағы бірде-бір отбасы шетелден бала асырап алмаған. Ал енді шетелден бала асырап алудың жолдары қандай деген сұраққа келетін болсақ, бұл мәселе әр елде әрқалай шешілген. Мәселен Қытай елінен бала асырап алу үшін ерлі-зайыптылар міндетті түрде онда барып, тіркелу рәсімінен өтуі керек. Бала асырап алушы шетеліктер Қытайға келген соң, бала беруші жақпен жазбаша асырап алу шартын жасайды. Бала асырап алу келісімхатында әдетте баланы асырап алушы жақ асырап алуға риза болу, баланы асырауға беруші жақ бала беруге мақұлдық беру, сондай-ақ екі жақ та бала асырап алу қатынасын орнату сияқты мазмұндар қамтылады. Келісімхаты 3 нұсқа болып, бала асырап алушы адам, баланы асырауға беруші адам және бала асырап алуды тіркеу мекемесі бір нұсқадан алып сақтайды. Бала асырап алушы шетелдіктер, баланы асырауға беруші адам және асырап алушымен бірге асыралушы адамының тұрақты тіркеуде тұрған жеріндегі өлкелік, автономиялы райондық, төте қарасты қалалық халық үкіметтерінің халық істері тарауларына барып тіркеуге тұрады. Тіркеуге тұрғанда, бала асырап алушы шетелдік белгілеме бойынша Қытайдан бала асырап алуды тіркеуге өтінішін жазып, «Қытайдың бала асырап алу орталығы» басып таратқан «Қытайдан бала асырап алу құқтыруы» мен төлқұжаттарын және суретін қосып, тіркеу органдарына тапсырады. Тіркеу органдары шетелдіктердің Қытайдан бала асырап алу жөніндегі өтінішін тапсырып алған күннің ертеңінен бастап 7 күн ішінде тексеру жүргізеді. «Шетелдіктердің ҚХР-дан бала асырап алуды тіркеу әдістерінің» ережесіне сай келсе, өтініш берушінің тіркелуі үшін, асырап алуды тіркеу куәлігін береді. Бала асырап алу қатынасы тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі Израиль елінің заңында: «Еврей тек еврейдің баласын асырап ала алады»,- деп жазылған. Израиль жеткен жетістікке қол созып, сондай қатаң талапты өзімізге қойғанда бүгінде қаракөз домалақтарымыз шетел аспас еді ғой. Егер бұл талапты қояр болсақ, әлі де кеш емес секілді...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста