Суррогат ана болудың пайдасы мен зияны

Суррогат ана болудың пайдасы мен зияны

Ата-бабамыз мирас етіп кеткен рухани, мәдени құндылықтарымызды айтып мақтанғанда бізден жақсы жоқ сияқты. Иә, ол дүниелер теңдесі жоқ байлық. Алайда сол мол мұраны ұраға тығып қойып, жаһанданып жатқан жайымыз бар. Өркениетке ұмтылған да дұрыс әрине. Бірақ ұрынып қалып та жүрмеміз кейде. Шатысы көп батыстың өзі бас тартып жатқан дүниелерді үйреніп қана қоймай, біз оны заңмен қолдап отырмыз. Мәселен, суррогат аналар қызметі. Кезінде үлкен пікірталас тудырған жаңа «туындының» пайдасы мен зияны қаншалықты? «Алаш айнасы» осы мәселе төңірегінде ой қозғап көрген еді.
Айта кетейік, «жатырды жалға» алу мен берудің тәртібі ҚР «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 9-шы, яғни «Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану» тарауының әрқайсысы бірнеше бөлімнен тұратын 54, 55, 56, 57, 58, 59 баптарында көрсетілген. Аз ба, көп пе? Әрине, суррогат ана сияқты шетін істе еш қателік жіберуге әсте болмайды. Заң күшті болуы тиіс. Десек те, осынша маңыз беру арқылы осы сурроттықты сәнге айналдырып алмаймыз ба? Ал бұл жақсы ма, жаман ба?
Суррогаттық Германия, Франция, Испания, Польша, Португалия, Турция, Япония Қытай және АҚШ-тық кейбір штаттарында үзілді-кесілді тыйым салынған. Ал суррогаттық бар көп елдерде бұл тек бала зәру отбасына перзент сыйлағысы келгендердің қайырымдылық әрекеті ретінде ғана қолданылады, яғни мұндайды альтруизм деп атайды. Атап айтсақ, Дания, Бельгия, Нидерланды, Ұлыбритания және Венгрия елдерінің тәжірибесінде бұрыннан бар. Ал ақша табу үшін бала туып беруге тыйым салынған. Ал енді қараңыздар, «жатырды жалға» беру мен алудың бизнесі дамып келе жатқан елдер мыналар: АҚШ-тың Калифорния, Арканзас штаттары, Ресей, Украина, Белорусь, Оңтүстік Африка, Грузия. Бұл тізімде Қазақстанда да бар.
Біздің елде бұл бизнес жылдан жылға жанданып келеді. Әйелдер қызметін тіпті ашық ұсынады қазір. Деректерге жүгінсек, бір жылда шамамен 200-дей отбасы суррогат ананың көмегі арқылы сәби сүйген.
Ресей демекші, алдағы уақытта бұл елде де суррогаттыққа тыйым салынбақ. Осындай ұсыныс жасаған Думаның отбасы істері жөніндегі комитеттің бастығы Елена Мизулина «суррогаттыққа тыйым салу керек» дейді. Ақшаға донор болу деген сөз – бала сатумен бірдей» дей келе, Филипп Киркорв пен Алла Пугачеваның осындай дәстүрлі емес жолмен өніп-өскендерін қатты сынға алған депутат «суррогаттықты тек дүниеге бала әкелуге мүлде мүмкіндіктері жоқтарға ғана рұқсат беру керек» дейді. Оның ойынша, суррогаттықты атағы мен ақшасы барлар ермекке айналдырып барады, ал ақшасы жоқтар құлға. Оның ұсынысы қоғамда қолдау тауып, Ресейдің бұған тыйым салатын күн алыс емес.
Ал біздің депутаттар не дейді?
Берік Бекжанов, ҚР Парламент депутаты:
– Неге қолдамасқа? Егер кім де кім сәбиі жоқ ерлі-зайыптыларға қуаныш сыйлап жатса, оның несі айып. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген тамаша сөзі бар қазақ үшін ұрпақ жалғастығының маңызы өте зор.
Мамандардың пікірлері төмендегідей:
Ақсұлтан Аманбаев, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш денсаулық сақтау министрі:
– Суррогаттық – қазақы қоғамға жат дүние. Алайда мына жаһанданған заманда ешнәрсеге таң қалмайтын болдық қой. Әйтеуір баласы жоқтардың үміті ақталатынын ойласың, мейлі дейсің. Десек те, мәселен суррогат ана біреуге бала туып беріп, кейін өзі балалы болды делік, арада жылдар өткенде әлгі екі бала ержетіп, ойламаған жерден танысып, жақындасып қалса ше? Міне, осындай жағдайда суррогаттық ұлттық проблемаға айналып кетуі ғажап емес. Осы жағын да ойлаған абзал. Әйтеуір «артық қыламыз деп, тыртық қылып алмасақ» болғаны.
Рахметқажы Берсімбаев, ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор:
– Сурогаттықтың екі жағы бар. Жақсы жағы – түсінікті. Ал екінші жағы, шынымен де егер суррогаттық болашақта қатты белең алып кетсе, оның арты үлкен қасіретке айналуы мүмкін. Сондықтан да, суррогаттықты бизнеске айналдыруға жол бермеу керек. Тек аса мұқтаж жандарға ғана рұқсат берген дұрыс. Генетикалық жағынан айтсақ, бұл өте шетін мәселе. Аса сақ болуға тиіспіз. Бәлкім көптеген дамыған елдердегідей ақшаға емес, тек жақсылық нышанмен ғана суррогат болу заңын қарастырған жөн шығар. Суррогаттықтың саны артып жатса, ұрпақтарымыз арасында қан араласып кетуі ғажап емес, ал оның зардабы өте ауыр. Осы жаған ескерген жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста