Суррогат ана. Бала асырау

Суррогат ана туралы келісімшартты бұзуыма құқым бар ма?

  • Суррогат ана туралы келісімшартты бұзуыма құқым бар ма?

    Суррогат ана туралы келісімшартты бұзуыма құқым бар ма?

Мен кезінде суррогат ана болуға келісім беріп едім. Ішімде жеті айлық балам бар. Бірақ іштен шыққан тұңғышымды жатқа беруге қимай тұрмын. Аналық сезімім оянып, сәбиімді өз бауырыма басқым келеді. Осы ретте сұрайын дегенім, менің суррогат ана туралы келісім шартты бұзуыма құқым бар ма?

Нұрсая, Алматы облысы

Бұл сұраққа Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының мүшесі, белгілі заңгер Кәрібай Тасшабаев жауап береді:

Негізінен алғанда, 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған «Неке және отбасы туралы» ҚР заңы бойынша суррогат ана дегеніміз – суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бiтiру, оны көтеру және туу. Ал суррогат ана шарты деп – балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бiтiрудiң жасанды әдiсiн немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келiсiмiн берген әйелдiң арасындағы келiсiмді айтады. Ал 2004 жылдың 16 шілдесінде қабылданған «Адамның ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi туралы» ҚР заңында «суррогат ана» ұғымы заң жүзiнде бекiтiлгені белгілі. Осы заң бойынша елімізде адамды клондауға тыйым салынса, ал ерлi-зайыптыларға суррогат ана қызметiне жүгіну құқы берiлген болатын. Осылайша бізде заңды түрде суррогат ана болуға болады және оның арнайы келісім-шарты бар. «Суррогат ана болу шарты» ҚР азаматтық заң талаптарын сақтай отырып, жазбаша түрде жасалады және де міндетті түрде нотариалды куәландырылуға жатады. Суррогат ана болу шартын құрумен бірге, ерлі-зайыптылар, яғни тапсырушылар қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын және сәйкес қызметтерді көрсететін медициналық ұйыммен шарт жасасады. Суррогат ана болуға ынта білдірген әйелдерге жаңа Кодекспен белгілі бір талаптар қойылған, яғни жасына, денсаулығына қарамастан кез-келген әйел суррогат ана бола салмайды. Суррогат ана болғысы келетін әйелдің жасы 20 мен 35 аралығында, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған қанағаттанарлық физикалық, психикалық және репродуктивтік денсаулығының, сонымен қатар өзінің дені сау баласының болуы қажет. Егер суррогат ана заңды тіркелген некеде тұрса, суррогат ана болу шартын жасардан бұрын ерінің нотариалды тәртіпте куәландырылған жазбаша келісімі ұсынылуы тиіс.

Жаңа Кодекстің 57 бабына сәйкес, ерлі-зайыптылар, яғни тапсырушылар суррогат ана болу шартын жасасқанда суррогат ананың медициналық тексерістен өтуімен, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданумен байланысты материалдық шығындарды көтеруге, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымдарға физикалық, психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сонымен қатар медико-генетикалық тексеріс нәтижелерін ұсынуға, жүктілік, бала туу және бала туғаннан кейінгі кезеңде 56 күн бойы, ал, егер де жүктілікпен және бала туумен байланысты қиындықтар туындап қалса, бала туғаннан кейін 70 күн бойы суррогат ананың медициналық қызмет бойынша шығындарын төлеуге міндетті. Ал өз кезегінде суррогат ана осы баптың талаптарына сәйкес, суррогат ана болу шартын жасасқанда тапсырушыларға өзінің физикалық, психикалық және репродуктивтік денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға, жүйелі түрде дәрігерге байқалуға және оның ұсынымдары мен тағайындауларын қатаң тәртіпте орындауға, суррогат ана болу шартында көзделген кезеңдермен жүктіліктің өтуі туралы онымен шарт жасасқан тұлғаларды ақпараттандыруға, туылған баланы онымен суррогат ана болу шартын жасасқан тұлғаларға беруге міндетті. Айта кетейін, заңға сәйкес, суррогат ана туған баланы өзiмен шарт жасасқан адамдарға беруден бас тартуға, сондай-ақ өзге адамдарға беруге құқығы жоқ. Ал қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға өздерінің келісімдерін берген және суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар, яғни тапсырушылар баладан бас тартқан жағдайда суррогат анадан материалды шығындардың орнын толтыруды талап ете алмайды. Егер ерлі-зайыптылар, яғни тапсырушылар баладан бас тартса, оған ана болуға өз тілегі бойынша суррогат ана құқылы, ал, егер ол да баладан бас тартса, бала мемлекеттің қамқорлығына өтеді.

Мына естен шығармау керек: Суррогат анамен шарт жасасқан адамдар баладан бас тартқан жағдайда және ана баланы қабылдаған жағдайда бұл адамдар шартта белгiленген мөлшерде және тәртіпте өтемақы төлейдi. Суррогат анамен шарт жасасқан адамдар баладан бас тартқан жағдайда аналық құқығы суррогат анаға қалдырылады. Keйіннен анамен шарт жасасқан адамдар балаға және анаға қатысты бapлық құқыққа қарсы қолданған iс-әрекеттерi үшін заң актілерiнде белгiленген тәртiпте жауапқа тартылады.

Ал суррогат ана баланы оның ата-анасына бергеннен кейiн осы балаға арналған барлық құқықтардан айырылады. Keйіннен бала мен оның ата-анасына қатысты кез-келген іс-әрекеті үшiн суррогат ана Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапқа тартылады. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туған баланың ата-анасы болып суррогат ана болу шарты негізінде ерлі-зайыптылар, яғни тапсырушылар танылады. Баланың туылғанынан кейін оның анасы болып туу туралы медициналық куәлікте суррогат ана болу шартын жасасқан тапсырушының аты-жөні жазылады.




Көрілген: 8408    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.07.2014, 14:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30