Суррогат ана. Бала асырау

Суррогат ананың көмегіне жүгінген атақты жұлдыздар кімдер?

  • Суррогат ананың көмегіне жүгінген атақты жұлдыздар кімдер?

    Суррогат ананың көмегіне жүгінген атақты жұлдыздар кімдер?

Қазіргі уақытта әлемдік тұрғыда көптеген жұлдыздар суррогат ананың көмегіне жүгіну арқылы ата-ана бақытын сезініп жатыр. Сондай жұлдыздардың біразы келбетін ашық көрсетіп, жұртқа жария жасап «сүйіншілетіп» жатса, енді бірі мұны жасырын ұстайды. Менің білейін дегенім, әлемдік деңгейде атағы шыққан жұлдыздардың ішінде суррогат ананың көмегіне жүгіну арқылы бала сүйгендер кімдер? Осы жайында тарқатып жазсаңыздар жөн болар еді.

Әсем Қабдолина,
Алматы қаласы

Оқырман сауалына орай «Алаш айнасы» біраз деректерді ақтарып көрді. Бізге мәлім болғандай, қазірде Алла Пугачева мен Максим Галкин суррогат ананың көмегіне жүгінну арқылы Гарри мен Елизаветта атты екі егіз сәбидің ата-анасы атанып отыр. Филипп Киркоров суррогат ананың көмегі арқылы бір емес екі мәрте әке атанып үлгерді. 2011 жылы Киркоровтың Алла-Виктория атты қызы өмірге келсе, бұдан соң оның Мартин есімді ұлы өмірге келді. Әлемге танымал әнші Майкл Джексонның 2002 жылы туған ұлы ханзада Майклдің суррогат ана арқылы өмірге келгені жасырын емес. «Жұлдызды соғыс» (Звездные войны) киносын түсіруші режиссер Джордж Лукас пен әйелі Мелоди Хобсон да суррогат ананың қызметіне жүгіну арқылы қызды болды. Актриса Элизабет Бэнкс пен зайыбы Макс Хандельман осы әдіс арқылы 2011 жылы ұлды болды. Сондай-ақ, 2009 жылы Сара Джессика Паркер мен оның жолдасы Мэттью Бродерик екеуіне суррогат ана егіз қыз туып берген. Міне, әлемдік тұрғыда атақты жұлдыздардың ішінде бұл әдіске жүгінгендердің көшін бастап тұрғандардың легі осылай тізіледі.




Көрілген: 3362    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.08.2014, 14:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31