Тағылым

«Әудемжердің» әуресі

Абай секілді ақын шәкірттері де ән шығарған. Соның ішінде Көкбайдың әні бар. Бұл жай сөз емес, нақты деректер де бар. Мәселен, «Әудемжер»әні. Алайда ол өз иесіне емес, осы күнге дейін өзгелерге телініп жүр. Біреулер бұл әнді «Үкілі Ыбырайдікі» десе, біреулер «Ақан серінікі» дейді. Осыған алғаш тойтарыс беру үшін кәдімгідей ден қоя зерттеген абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедханов болды.

Ғалым 1983 жылы «Қазақ әдебиетіне» жаз­ған «Әудемжер әні кімдікі?» атты ма­қа­ла­сында бұл әнді Көкбайдікі деп айтуға тұ­рарлық бірнеше нақтылы деректерді келтіреді. «Біріншіден, «Әудемжер» әні Көк­байдікі деп айтқан өзінің шәкірті Есен­тай Бердин», – дейді ғалым.
Екіншіден, 1964 жылы академик, ком­по­зитор Ахмет Жұбанов тұңғыш рет «Әу­дем­жер» әнін зерттеп, әннің авторы Көкбай екенін атап айтып, «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының 1-томына жазған. Ахаң былай депті: «Музыка дүниесінде елеусіз боп өтіп бара жатқан адамның бірі – Көк­бай. Ол Абайдың айтуынша, «Өлең жиған тырбанып, ән үйренген ырғалып». Оның үстіне, Көкбай «Әудемжердің» авторы де­ген сөз расқа шығып келеді. Көкбай–Ле­нин­ге арнап ән шығарған адам. Ол осы «Әу­дем­жермен» тынып, басқа ән шығар­ма­ғанның өзінде де әңгіме етуге тұрарлық ән. Өйткені «Әудемжер» – әннің еркесі. Көк­байдың ақындығы көпке мәлім де, ал оның әншілігі, ән творчествосы қағаберісте келе жатыр» деген. (Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 2-кітап. Алматы, 1964, 188-бет).
Міне, осы келтірілген бірнеше де­рек­тер­ден-ақ «Әудемжер» әнін Көкбайдікі деу­ге қақымыз бар.




Көрілген: 2376    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.09.2011, 12:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Мамыр 2012
    Сүлеймен бидің асы
    14 Қыркүйек 2011
    «Әудемжердің» әуресі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31