Тағылым

Қару-жарақ өндірісіндегі мүмкіндігіміз қандай?

  • Қару-жарақ өндірісіндегі мүмкіндігіміз қандай?

    Қару-жарақ өндірісіндегі мүмкіндігіміз қандай?

Қазақстанның қорғаныс саласы үшін шетелден дайын техника сатып алғаннан гөрі, қолда барды ұқсатқан тиімді. Одан қала берді, өзіміз әскери техниканы жасап шығаруға тырысуымыз керек. Еліміздің 2015 жылға дейінгі аталған сала бойынша қабылда­ған мемлекеттік бағдарлама­сында осындай тұжырым жасал­ған екен. Сонымен, бүгін­гі еліміздің әскери өнді­рісі­нің мүмкіндігі қандай, бұл бағыт­та қандай жетістіктерге қол жет­кізе алдық?..
Тәуелсіздік алған жылдары «орағың өт­кір болса, қарың талмайды, Отаның бе­рік болса, жауың алмайды» дегенді алға тарт­қан еліміздің қорғаныс мекемесі өзі­мізде әскери техника шығару өзекті деп мә­­селе көтерген-тұғын. Соның негізінде 2007 жылы Петропавл ауыр машина жасау за­уытында израильдік Soltam Systems LTD фир­масы мамандарының техникалық же­тек­шілігімен «Найза», «Айбат», «Семсер» ар­тил­лериялық жүйесі құрастырылып шық­ты. Алайда бұл атқыш техникамыз әу де­генде сынақтан өте алмай, «оқсыз мыл­тық – таяқ» дегеннің керін келтірген сыңай­лы. Өйткені сынақ бұл жаңа техниканың са­пасы қолданыстағы бұрынғысынан да на­шар деген қорытынды шығарған. Арты дау­ға айналған бұл үлкен әңгімеге іліккен сол кездегі қорғаныс саласы басшылары жұ­мыстарымен қош айтысуға дейін барды. Атал­ған жобаның жалпы құны 23 мил­лиардқа бағаланған екен. Ал шыққан шы­ғын шамамен 9 миллиард теңгені қам­ты­ған. Міне, іс басталмай жатып осылайша оң­бай сүрінгеніне қарамастан, бүгіндері еліміздің қорғаныс саласы бастапқы ары­нынан қайтпаған. Яғни Қазақстан Орталық Азия­ның қарулану нарығында Ресейден ке­йінгі басты рөлді атқаруды мақсат етеді. Бұл арада жобаны таңдауда шалыс кетіп жат­қан жайымыз болмаса, кезінде «Калаш­­никовымен» әлемге танылған біздің елі­мізде бүгінде қару жасауға барлық негіз бар деп айтуға болады.
Кеңес дәуірінде Қазақстанда 40-тан аса әскери зауыт жұмыс істеген. Жылына олар қазіргі бағамен 1-1,5 миллиард дол­лар­дың өнімін шығарған екен. Өнім түр­лері де әмбебап болатын. 90-жылдары тап­сырыс күрт кеміп, осы зауыттардың ба­сым бөлігі жабылуға мәжбүр болды. Ақы­ры құзырлы министрлікке қарасты Қор­ға­ныс өнеркәсібі жөніндегі комитет жабылып, оның орнына 2003 жылы осы саладағы 23 кә­сіпорынның басын қосқан «Қазақстан ин­жиниринг» ұлттық компаниясы құры­л­ды. Ол 2006 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры құрамына енгізілді.
Сонымен, бүгіндері қайтадан құрылым­дал­ған еліміздің әскери өндірісімен айна­лы­сатын осы ұлттық компания кәсіпорын­да­ры мина кешендері мен теңіз миналарын, тор­педа қаруларын, із­деп, жоюшы құрал­дарды, теңіз жағалауы қор­ғанысына арналған зымыран кешен­де­рін, теңіз навигациялық жабдықтарын шы­ғаруға, зымыран кешендеріне қызмет көр­сетуге, бронды танктерді, әуе қорғаны­сы­на арналған техникаларды модерниза­циялау мен күрделі жөндеуден өткізуге, ке­ме құрылысына мамандандырылған.

Аяғынан енді тік тұрып келе жатқан әс­кери өндірісіміздің бір кемшілігі – ғылыми-зерт­теу жұмыстары, сонымен қатар конс­трукторлық тәжірибе бойынша үлкен істер ат­қарылмай жатқандығында. Сол себепті бұл ретте бізге өзге елдердің тәжірибесіне сүйенгеннен басқа амал жоқ.
Бүгіндері «Қазақстан инжиниринг» ұлт­тық компаниясы Израильдің ІІМ, Фран­цуз­дың Thales компанияларымен бірлесе жо­балар әзірлеуде. Мәселен, EUROCOPTER жобасын алатын болсақ, ол Қазақстан тер­риториясында ЕС 145 тікұшақтарын құрап шы­­ғару және оған техникалық қызмет көр­­сету жөніндегі біріккен кәсіпорынды құ­ру­­ды көздейді. Оны жүзеге асыру 15 жыл­ға межеленген екен. Бұл техника гу­манитарлық мақсатта пайдалануға ыңғай­лы деп есептеліп отыр. Мұнай және газ сек­торында да аталған техникаға сұраныс жо­ғары көрінеді. Көршілер тарапынан осы ша­ғын тікұшаққа сұраныс бар көрінеді.
Сол секілді бастапқы кезде кеме мен катерлер бойынша жобаның да басы тасқа тигендей болып еді. Бірақ бұл істе де қазір алға жылжушылық бар. Қазір Каспий те­ңі­зіндегі браконьерлерді ұстауға өзімізде шық­қан осы катерлерді пайдаланып жүр екен­біз.
Жалпы, елімізде шығарылатын әскери өнім­дердің 90 пайызы экспортқа бағыт­тал­ған. Онда да басты тұтынушымыз Ресей бо­лып табылады. Одан кейінгісі – Орталық Азия мемлекеттері. Сарапшылардың пі­кірін­ше, аталған нарықтың жыл сайынғы та­бысы 500 миллион долларды құрайтын кө­рі­неді. Негізінен, отандық әскери өнд­і­ріс­тің жұмыс істеуіне көрші мемлекеттердің қор­ғанысқа арналған техникаларының ес­кі­руі түрткі болып отыр. Ал әлемдік нарықта ұсы­нылып жатқан судай жаңа қарулануға ар­налған техника мен жабдықтардың ба­ға­сы удай қымбат. Оны кез келген мем­ле­кеттің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан көрші мемлекеттер қолдағы ескіні жаңа­лауды жөн көреді екен.
Ал ғылыми ізденістер бойынша еш нәр­се атқарылып жатқан жоқ деп тағы айтуға болмайды. Бұл арада 2009 жылы «Қа­­зақ­стан инжиниринг» ұлттық компа­ния­сы жа­нынан «Қарулануды басқару жү­йесін ен­гізу­дің бірыңғай орталығы» ЖШС құрыл­ға­нын еске сала кетелік. Оның басты мақсаты қор­ғаныс саласындағы ғылыми ізденістерді топтастыру болып табылады.
Әзімбай Ғали, запастағы полковник:
– Қорғаныс саласы мол қаржыны талап етеді. Сондықтан бұл арада сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, игерілетін қаржыны бақылауды күшейту керек. Қалай дегенмен де еліміздің әскери өндірісі дұрыс бағытта деп есептеймін. Дегенмен техника шығарып қана қоймай, оның сынау жағын да бізге қолға алу керек. Яғни сынақ оқу-жаттығуларда ғана емес, нақты соғыста да болғаны жақсы. Сол себепті Қазақ­стан әскерлері мен техникасы әлемнің «қызыл нүктеле­рінде» міндетті түрде болуы тиіс деп есептеймін. Мәселен, Ливиядағы, Ауғанстандағы әскери опе­рацияларда. Естуімше, мысалы, Ли­вияда танктердің қажеттігі болмаған. Зымыран атқыш­тар оның рөлін жақсы атқарған. Соны­мен қатар әлемдегі озық қару-жарақ­тарды да тұтынуымыз тиіс. Олай етпесе болмайды. Қорғаныс саласында да диверсификация керек. НАТО, ТМД ау­мағындағы әскери ұйым­дармен, ШЫҰ-мен де жақсы қарым-қатынастамыз. Қазіргі осы бағытымыз дұрыс деп санай­мын.




Көрілген: 2926    Пікірлер: 0

сенбі, 07.05.2011, 12:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Мамыр 2012
    Сүлеймен бидің асы
    14 Қыркүйек 2011
    «Әудемжердің» әуресі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31