Тағылым

Көкбай жайлы құнды құжат табылды

  • Көкбай жайлы құнды құжат табылды

    Көкбай жайлы құнды құжат табылды

Абайдың ақындық тәрбиесін көрген шәкірттерінің ішінде ұлы ақынның қасында ширек ғасырдай жүріп, інісі, досы болған ең талантты шәкірті, ақын, әнші әрі композитор Көкбай Жанатайұлы жайлы құнды құжат табылды. Абай мұражайының ғылыми қызметкерлері Мәскеуге барған сапарында сол елдегі мұрағаттан оның заманында би болғанын айғақтайтын нақты дерекке қол жеткізді.
Құнды қағазда 1891 жылдың 15 қаң­та­рында Көкбай Жанатай­ұлының Мұқыр бо­лысының №8 ауылына би болып та­ғайын­далғаны жайлы мағлұмат жазылып, оған сол кездегі Семей облыстық әскери генерал-губернаторының бұйрығы шық­қан. Мұражай қызметкерлері құнды қағаз­дың көшірмесін Абайдың әдеби-ме­мо­риал­дық қорық-мұражайына алып келді. Соған қоса, Омбы қаласындағы мұрағаттан Оспан мен Тұрағұлға қатысты да құнды қағаздар та­был­ған.
Бұл туралы Абайдың әдеби-ме­мо­риал­дық қорық-мұражайы­ның дирек­то­ры Жандос Әубәкір былай дейді:
– Биылғы жыл Абай мұражайы үшін та­бысты жылдардың бірі бол­ды десек, артық айтқандық емес. Яғни біздің ғы­лыми қызметкерлер Омбы және Мәскеу қалаларындағы архивтерге барып, құн­д­ы құжаттарды қарау бағытында жаңа бір тың дерек табылды.

Бұл – биылғы жылы 150 жылдығы той­лан­ғалы отыр­ған Абайдың дарынды шә­кірті Көкбай Жанатайұлына қатысты де­рек­тер. Көк­байды «біз әрқилы қызметтерде істеді, би болды» деп жатамыз. Бірақ оның бар­­лы­ғы құр ауызша естеліктерде кел­ген бо­латын. Енді мынау біздің қолы­мыз­­дағы деректер бойынша, Көк­бай­дың би бол­ған­дығы, және екі рет осы биге кандидат бо­лып сайланғандығы белгілі болды. Ол 1890 және 1893 жыл­дары, яғни со­ған ар­нал­ған арнайы мынау Семей об­лы­­сы­ның әскери гу­бер­наторының бұй­рығы. Со­ны­мен қатар, екінші бұйрық 1893 және 1896 жыл­дары осы Көкбай Жа­­­на­тай­ұлының би болғандығы тұр­ғы­сында тың дерек­тер қазір табылып отыр. Та­был­ған құжат біздегі архивте сақталатын бо­лады. Биылғы жылы біз осы Абай мұра­жайын­дағы қандай қол­жаз­балар бар, бізде қандай деректер бар, осы­ның барлығы мынау зерттеушілерге бел­гілі болу үшін «Абай мұражайы қо­ры­ның си­пат­тамасы» деген кітапты баспаға дайын­дап, ұсындық. Таяу арада келеді деп ойлаймыз. Сонда біздің қорда қандай мәліметтер жинақталған, қандай архив құ­жаттары бар – осының барлығы осы кітапқа енеді. Мынау да – табылған тың дүние. Осы­лардың барлығы өз зерт­теушілерін, іздену­ші­ле­рін тосып жатыр десек, артық айтқандық емес.

                                                                                                 Көкбай Жанатайұлы  
Көкбай Жанатайұлының бір ерекшелігі – ол Абайдың ақын шәкірттері ішіндегі ең бір импровизацияға жүйрік ақын болған. Сол дарынын бағалап, Абай Құнанбайұлы өз өлеңдерін Көкбайдың атынан таратқан. Бұ­ған дейін Көкбайдың оқығандығы, ар­найы ресми молда болып қызмет ат­қар­ған­дығы туралы, соған қоса, земство мү­шесі болғаны жайлы дерек табылған бо­ла­тын. Айта кетейік, биыл – Көкбай Жа­на­тай­ұлының туғанына 150 жыл. «Осы ай­тулы датаға орай, бұл құжат таптырмас сый болды», – дейді мұражай басшысы. Көкбай Жанатайұлының мерейтойы оның туған жері Абай ауданындағы Көкбай ауылында қыр­күйек айының ортасында тойланады деп жоспарланған. Мерейтойға орай, ғы­лы­ми-танымдық конференция, рес­пуб­ли­ка­лық ақындар айтысы, ұлттық ойындар сайысы өтеді. Соған қоса, Көкбай туған Тақыр­дағы мұражай экспозициясы қайта жаңартылып, Көкбай мұражайы болып ашы­лады. Көкбай жайлы табылған құж­ат­тың бір көшірмесі енді сол мұражайға тарту етілмек. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында, төңкерістерге толы за­манда өмір кешкен, ұлы Абайдай қазақ поэзиясының асқар шыңының ақындық тәлімін алған, артына мол әдеби мұралар қалдырған, ел ортасынан медресе, мешіт ашып, ұстаздық қылып, молда атанған, қажы Көкбай Жанатайұлының әдебиет тарихындағы алар тұғыры әрқашан биік бола бермек.




Көрілген: 3269    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.09.2011, 12:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Мамыр 2012
    Сүлеймен бидің асы
    14 Қыркүйек 2011
    «Әудемжердің» әуресі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31