Тағылым

Сарбаз қаһарлы ғана емес, келбетті де болса...

  • Сарбаз қаһарлы ғана емес, келбетті де болса...

    Сарбаз қаһарлы ғана емес, келбетті де болса...

Қазіргі заманғы әскердің ұйымдастыру қағидасы, ішкі тәртібі һәм геральдикасы ежелгі Римнен бастау алады. Біркелкі киінуге ұмтылған рим легионерлері ақ пен қызыл түсті таңдаған. Ал орыс әскери киімінің тарихы Ұлы Петрдың реформаларымен байланысты. Сыртқы кейпін бірнеше рет жаңалаған кеңес әскері де сапалы әрі көзге тартымды киіммен жабдықталды. Өйткені әскердің де әл-қуаты алдымен оның сыртқы пішіміне қарай бағаланары сөзсіз.
Сұлуынан жылуы...
Ежелгі әскери киім қазіргіге қарағанда анағұрлым ыңғайлы, барлық жағдайға жарамды еді. Өйткені ол кезде жұмысқа да, соғысқа да қолайлы болуын ескеретін. Жалпақ белбеу адамның ішкі құрылысы мен жұлынын қорғайтын. Етік атқа отыруға әрі қонышына қанжар салуға ыңғайлы. Ал суық қаруға қарсы сауыт сияқты қорғаныс құралдары шайқастың алдында киілетін.
Қазіргі жағдай басқаша. Әскери мундирді жаңалаудағы әлемдік дәстүр өзгерген. Жаңа мыңжылдықта әскердің киі­мін кутюрье шығаруы керек деген қы­зық үрдіс шықты. Жылуынан гөрі, сұлуына мән беретін кутюрье суықта тоңып, ыстықта күйетін сарбаздың жайын қайтсін?! Әйтсе де «әскер көркі – шү­берек» десе де, модель­ер­ге жүгінуге болмайтынын Ресей қазір жақсы түсінді. Бертінге дейін орыстың генералдары шұлғаудан бас тартпайтын­дарын айтып, біраз қарсыла­сып көрген. Алайда осы елдің қорғаныс министрі Ана­то­лий Сердюков әскер имиджін өзгертуге бұйрық берді. Сөй­тіп, мундирдің дизайнын өзгер­ту туралы шешім қабыл­дан­ды. Оған орыстың беткеұстар дизайнері Юдашкин ша­қы­рылды. Бірақ су жаңа мундирдің тұсаукесер рәсімі биыл өтпей қалды. Солдаттың шырайын кіргізетін әсем киім жарамсыз болып шықты. Қыс­қа арналған «Цифра» киім-кешегі 20 градустан төмен темпура­тура­да жылуды сақтамайды, ашық ауада 15 минуттан артық тұрған сарбаз суыққа «ұшады» екен.

Екінші белгі - қорғаныш
Соңғы уақытта сәнге қызыққандар ес жиып, әскери киімнің қолайлы болуына мән бере бастады. Әсіресе дамыған ел­дер­де әскер формасы түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Қазіргі ұсынылып жүрген үлгілерге қарасақ, ХХІ ғасырдың сарбазы адамға тән келбетін мүлде жоғалтатын сияқ­ты. Сыртқы түр-тұрпатын былай қой­ғанда, ойлаудың да қажеті болмайды. Бұл міндет компьютерге жүктеледі. Солдатқа бұйрық берілсе, оқ атады. Әйтпесе, тыныш тұрады. Теория жүзінде – осылай. Ал шын мәнінде қалай болмақ? АҚШ-та фильмдегі робокоптың қорғаныс дулығасын қай­талайтын баскиім ойлап табылды. Оны киген адамның миына да, құлағына да зақым келмейді. Дулығасын шешпеген солдат ұрыс алаңында өз бағытын байқап, бұйрықты ести алады. Оны тіпті противогаз ретінде пайдалануы мүмкін. Дулыға авторларының айтуынша, бұл әсіресе лаңкестікке қарсы операциялар үшін қажет. Осылайша, әр ел өзінше жаңалық енгізуге талпынып жатыр. Дені әскердің өмірін сақтап қалу жағына ден қоя бастаған.
Өзімізде – өзгеріс
Бізде де әскери қызметкерлердің бет-бейнесін өзгерту туралы шешім қабылданған. Наурызда еліміздің қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сәкен Жасұзақов «ескі форманы әбден тоздырған соң, біртіндеп жаңасына көше бастаймыз» деген еді.
Мәселен, түймеге Қарулы Күштердің таңбасы салынады. Дәстүрлі хаки түсі көкшіл түске ауысады. Полковниктердің салтанатты кителі генералдікі сияқты сұр болады. Фуражка­ның ернеуі кішірейтіліп, ана­ғұрлым ыңғайлы бола түседі. Жазғы уақытқа қысқа жеңді жейде мен бейсболка бері­леді.
Әскердегі біздің қыз-келіншектердің кейпі де өзгереді. Олар аспан түстес форма мен ақ етік киеді. Бұл салтанатты жағдай­лар­ға арналады. Вице-министрдің айтуын­ша, өте әдемі.
«Салыстыру үшін Президентке өзге елдердің – Қытай, Ресей, Түркияның әскери киімдерін көрсеттік. Өз әскерімізге арнал­ған үлгілерді де көрсеттік. Елбасыға, негізі­нен, ұнады. Курсанттардың киіміне қатысты «пальтоның орнына шинель бол­сын» деген ескерту айтылды. Жаңа үлгідегі киімге көп шығын шықпайды әрі дәстүр де сақталады», – деді вице-министр.

«Көктемнің 17-сәтіндегі» Штирлицтің түр-тұлғасы керемет. Сымбатты бойына СС-тің қара униформасы жараса кеткен Вячеслав Тихоновқа сүйсінбеген әйел табылмайды, сірә. Ал әскери киім тарихында ең сәнді, ең әдемісі осы қанқұйлы СС-тың қара формасы саналады екен. Бірақ оның авторы әлемге әйгілі Hugo Boss компаниясы екенін көпшілік біле бермейді.

Шұлғау – жазда бөзден, қыста бәйкеден қиылатын, ені 35 см, ұзындығы 60-65 см мата қиындысы. Ресей әскерінің осы сим­волын орыстар емес, ежелгі рим­дік­тер ойлап тапқан. Ал Ресейде І Петрдың кезінде әскери киімнің бір бөлігі ретінде ен­гізілді.




Көрілген: 3171    Пікірлер: 0

сенбі, 07.05.2011, 12:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Мамыр 2012
    Сүлеймен бидің асы
    14 Қыркүйек 2011
    «Әудемжердің» әуресі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31