Ынтымақ пен бітімгершілік келісімінің құны қанша тұрады?

07 мамыр 2011, 12:33

Қазір сырттан зайырлы да қамқор, бейбіт те ымыралы ел болып көріну сәнді болғанымен, оған қол жеткізудің өзі қып-қызыл ақша екенін қазақстандық­тар­дың бірі білсе, бірі біле бермейтін болар. Егемендік алғалы бері Қазақстан әртүрлі бірлестіктер мен халықара­лық ұйымдардың интегра­ция­лық жобаларына белсенді атсалысып келеді.
Бұл бағытқа Қазақстанның жылына ша­­ма­мен 15-20 миллион доллар шығын шы­­ғаруына тура келуде. Бұл ақшаның көбі­ әр халықаралық ұйымға мүше бол­ға­нымыз үшін еліміздің төлейтін жарнасы болып табылады. Ал жарна кез келген ұйым­да мемлекеттің мәртебесіне, эконо­ми­калық қуатына және әскери потенциа­лы­на қарай есептеледі. Сонымен...
Біріккен ұлттар ұйы­мы. 2010-2011 жыл­дар­да­ғы БҰҰ-ның бюджеті 5,2 мил­­лиард долларды құра­мақ­шы. Ұйым шы­ғы­нының басым бөлігін Құрама Штаттар тө­лейді: шамамен жалпы бюджеттің 22 пайызын. Дегенмен соңғы кездері АҚШ БҰҰ жарнасы төлемін кешеуілдетуді әдетке айналдырып барады. Жапония жарнасы БҰҰ бюджетінің 20 пайызын құрайды. Ал аталған ұйымның қалған төрт тұрақты мүшесі – Ұлыбритания, Франция, Ресей және Қытай жарнасы ұйым­ның жалпы шы­ғынының 15 пайызын қам­тиды. ТМД елде­рінің ішінде ең көп жар­на төлейтін Ре­сей болып табылады. 2008 жылы олардың тө­лем жарнасын 120 мил­лион долларға дейін көтеру мәселесі алға тартылған бо­латын. Ал оның жанында басқа посткеңестік мемлекеттердікі шама­лы деуге тұрарлық. Қазақстан мен Украина­ның белгіленген коэффициенті соңғы кезде­рі біршама өсті: Қазақстандікі – 0,025-тен 0,029 пайызға, ал Украинанікі – 0,039-дан 0,045 пайызға. ТМД елдері ішінде БҰҰ-ға мүшелігі үшін ең аз шығындалатын мемлекеттер – Молдова, Қырғыз Респуб­ли­касы және Тәжікстан (0,001 пайыз). Сондағы Қазақстанның БҰҰ-ға беретін жыл сайынғы сомасы 1 мил­лион долларға жуықтап қалады. Негізі, БҰҰ жарнасы мем­лекеттің жалпы ішкі өні­мі, сыртқы қа­рызы және халқының табы­сы­на қарай есеп­теледі. Ал жарна төлемін екі жылдан ке­шіктірген мемлекет БҰҰ Бас ассамблеясы жиы­нында дауыс беру құқығынан айы­ры­лады.
Еуропадағы ынты­мақ­тас­­тық және қа­уіп­сіздік ұйы­мы. ЕЫҚҰ жалпы бюд­жеті 2009 жылы ша­ма­мен 160 миллион еуро бол­ды. Ол аталған ұйымға мүше елдердің жар­­насы төлемінен құралады. Қазақстан жыл сайын бертінге дейін ЕЫҚҰ-ға 360 мың доллар төлеп келген, ал былтыр тө­ра­ға­­лық ету мәр­тебесіне ие болуына бай­ла­ныс­ты елі­міз­дің бұл шығыны миллиард­тар­­ды құра­ғаны белгілі.
Ислам конференциясы ұйымы. Біз бұл ұйымға 1995 жылдан бері мүшеміз. Атал­ған ұйымның бюджеті шам­а­мен 1 103 000 долларды құ­рай­ды. Ал мүшелік жарна ИКҰ жалпы бюд­жетінің кем дегенде 0,5 па­йызын құ­рауы тиіс. Мәселен, Әзір­бай­жан мен Түр­кі­менстан­ның бұл ұйымға төлей­тін жар­насы – 53 140 доллар. Біздікі де осы мем­ле­кеттер­дікімен шамалас.
Халықаралық валюта қоры. Аталған қар­жылық қорға мүше мем­лекет жарнаға пара-пар кво­та­ға ие болады. Ал квота мем­­лекеттің экономикасынан сипат береді әрі Халықаралық валюта қорымен қарым-қатынасындағы ықпалын айқындайды. Алғаш мүше бол­ған кезде Қазақстан кво­т­а­сы 247,5 мил­лион CDR (CDR=1,48 доллар) болып бел­гі­ленген. Негізі, квота ХВҚ-дағы мем­ле­кеттің қанша дауыс беруге құқылы екенін анық­тайды. Мысалы, 100 000 CDR = бір да­уыс. Оған 250 базалық дауысты қосы­ңыз.1998 жылы Қазақстанға квотасын 365,7 миллион CDR-ға көтеру ұсы­нылған бо­латын. Әртүрлі қаржылан­ды­ру бағдар­ла­масы арқылы Қазақстан ХВҚ-ның 1 миллионнан аса CDR-ін игер­ген. Дәл бүгіндері Қазақстанның бұл қор­мен арада ешқандай қарызы жоқ. Сол се­беп­ті Қазақстан ТМД және Шығыс Еуро­па­да ХВҚ-дағы қарызын шұғыл арада төлеп тас­таған бірден- бір мемлекет болып сана­лады.
Шанхай ынтымақтас­тық ұйымы. Қа­зақ­стан жар­насы – шамамен 4 миллион, Ре­­сей­дікі – 8-9 миллион дол­лар. Альянсқа қар­жылық жағынан атсалысуды пайыздық көр­сеткішпен есептейтін болсақ, ол бы­лайша сипатталады: Қытай мен Ресей – 24 пайыздан, Қазақстан – 21 пайыз, Өзб­ек­стан – 15 пайыз, Қырғыз Республикасы – 10 пайыз және Тәжікстан – 6 пайыз.
Өзара ұжымдасқан қа­уіпсіздік шарты ұйымы. ҰҚШҰ бюджетінің 50 пайы­зын Ресейдің жарнасы құрай­ды. Аталған ұйымға мүше бес мем­лекет бұл төлемді 10 пайыздан өзара бө­ліскен. Бұл аймақтық әскери альянсқа кіретін Белоруссия мен Қырғыз Рес­пуб­ликасы жарна төлемі бо­йынша жауап­сыз­дыққа көп жол береді.
Атом энергетикасы бо­йынша халық­ара­лық агент­­тік. МАГАТЭ-нің қаржы ре­сурс­тары екі категорияға бөліп қарас­ты­рылады: міндетті бюджет және ерікті жарна. 2008-2009 жылдардағы агенттіктің жалпы қаржы ресурсы – 450 миллион евро. Оның 150 мил­лион евросы ұйымға мүше мемлекет­тердің ерікті жарнасынан құ­ралған. Бюд­жеттің 25 пайызын АҚШ тө­лейді. Ал 2001 жылы МАГАТЭ-дегі Қазақ­стан­ның мүшелік жарнасы 10 есеге қыс­қартылған. Ал бұған дейін Астана агенттікке жыл сайын 750 мың доллар төлейтін бол­ған.
Еуразиялық экономи­ка­лық қауым­дас­тық. Бюд­­жеті – 5 миллион дол­лар. Жылына ЕурАзЭҚ-қа Қазақстан мен Бе­лоруссия – 800 мың дол­лар, Тәжікстан мен Қырғыз Республикасы – 380 мың доллар, ал Ресей 1 миллиард доллар төлем жасайды.
Дүниежүзілік сауда ұйымы. Әлемдік саудадағы үлесіне қарай мемлекеттер­дің ұйымдағы жарнасы анық­талады. ДСҰ-ның жыл сайынғы бюджеті шамамен 100 миллион доллар болады. ДСҰ бюджетінің басты төлем жасаушылары Еуропалық одақ, АҚШ, Жапония, Канада және өзге ин­дустриялы мемлекеттер болып табы­лады. Қазақстанның алдында әлемдік эко­но­микада үлкен рөл атқаратын атал­ған ұйымға мүшелікке өту міндеті тұр. Мұндағы ең аз деген жарна шкаласы – 0,03 пайыз. Егер біз ДСҰ-ға мүше бол­сақ, онда жылына шамамен 45 мың дол­­лар төлеп тұруымыз керек болады.