Талқы

ЕХРО-2017 еліміздің ғылымына қандай серпіліс береді?

Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылы­мы­ның докторы, профессор:

– ЕХРО бұл ғылым, жаңалық, инно­ва­ция дегенді білдіреді. Ал басқа жұртты осындай көрмеге шақырып отырғанда, өзің де көштен қалмауға тырысасың. Сон­дықтан оған барынша дайын­да­луымыз қажет. Оған көп уақыт қалған жоқ. Қазақстан тек сауда ғана емес, Еура­зия құрлығының энерге­ти­калық торабында орналасқан. Егер де біз заман көшіне ілесеміз десек, қуаттың балама көздерін пайдалануға, эколо­гия­лық өмір сүруге басымдық беруге тиіспіз. Астанада 2017 жылы өткізілетін ЕХРО-ға дайындық ғылыми инженерлік ойдың дамуына және отандық энер­гетиканың келешегін тал­қылауға түрткі болатыны сөзсіз. Осы орайда бір айта кететін мәселе – осы­дан үш-төрт жыл бұрын Елбасымыз ғылым­ға бюджеттен бөлі­не­тін қаржыны кө­бейту керектігін айтқан-тұғын. Сон­­дық­тан ғылымды өркендету, инно­вацияны енгізу ісінде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе деген тілек бар. Әсіресе университет ғалым­дары осындай қолдау күтеді. Қарап отырсақ, Нобель сыйлығы сияқ­ты беделді сыйлықтарды көбіне уни­вер­­ситет ғалымдары алып жатады. Өйткені университет – тек оқыту емес, нағыз ғылымның ордасы. Сондықтан, ең әуелі, ғалымдарды ынталандыру, яғни оларға мотивация жасап, ғы­лым­ды өркендету қажеттілігін тудырып, ғылым тасын өрге сүйреуге итермелеу керек сияқты.


Борис МАРИНУШКИН, Ұлттық сәулет академиясы директорының орынбасары:

– Қазақстан солтүстік жарты шары­ның 40-ендігінде орналасқан. Бұл ендікті «арқырауық» деп бекерге айтпайды. Себебі бұл арадан жердің негізгі әуе ағым­дарының қозғалысы өтеді. Біз 20 жыл­дан бері жел қуатын пайдалану тура­лы айтып келеміз, бірақ әлі ештеңе өзгерген жоқ.


Ал көрме тақырыбы – балама қуат көздерін пайдалану. Бұл Қазақстанға ауадай қажет. Өйткені негізгі энер­гети­калық қор көнеріп жатыр, түптің түбінде оларды заманауи жаңа тех­но­логиялармен ауыстыру жағын ойлас­тыруға тура келеді. Ал Астанада Халықаралық ма­ман­дан­ды­рылған ЕХРО көрмесін «Болашақтың қуаты» тақы­ры­бымен өткізу елдегі қалып­тас­қан ахуалға жаңа­ша қарап, өзге елдердің тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Мұса МАЙЛАШЕВ, медицина ғылы­мы­ның докторы:

– Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу арқылы біз халықты техникалық жағынан сауаттандырып, еліміздегі техникалық білім мен ғылым деңгейін көтере аламыз. Сонымен бірге ол жастардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттыруға сеп бола­ды. Жалпы, көрменің «Бола­шақ­тың қуаты» деп аталуы да тегін емес. Өйткені бүгінде жер бетінде қуат пен оны өндіру мәселесі алаңдатпайтын ел жоқ. ЕХРО бүкіл әлем елдерін, оның ішінде біздің еліміздің осы бағытта дамуына тың серпін беруі тиіс.


Ал балама қуат көздерін дамыту үшін ғылым мен инновацияны дамы­туға маңыз берілетіні белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, ғылымда энерге­ти­калық салада, соның ішінде қуаттың ба­лама көздерін пайдалануды барын­ша дамыту және оны тасымалдау бағы­тында көптеген тың жаңалық ашылады деген үміт бар.




Көрілген: 2091    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2013, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30