Таным

Жаңа жыл кімге қаншаға түседі?

Бірлік пен тұтастықты сақ­тау – қазақтың сонау ата-баба за­манынан әр отбасында ұс­­танып келе жатқан басты қа­­ғидасы. Сондықтан ұл­ты­­мыздың әр қимыл пәл­са­­пасында осы ұстанымға әр­­дайым басымдық беріліп оты­рады. Бүгінгі таңда бұл қа­зақы ұстаным отбасынан ұжым­дық, ұжымдықтан жал­пы­халықтық-мемлекеттік си­­патқа ұласқан. Әсіресе, жал­пы халық болып атап өтер шараларда оның айқын кө­рінісін анық байқауға бо­лады. Бәрінен бұрын бірлік пен ынтымаққа шақыратын күндердің осындай мо­­ральдықтан тыс, ел эко­но­ми­касын қомпайтатын қар­жы­лай табысы да баршылық. Осы­­ның соңғысына кеңінен тоқ­­тала кетелік...


                                                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)


Қазақ халқының қанына біткен игі қа­сиет­­тің бірі – қонақжайлылығы, мей­ман­дос­тығы. Шілдеханадан бас­талып, ме­рей­той­ларға ұласатын ұлы тойлардан тыс еру­­лік, қымыз­мұрын­дық, соғым басы, кө­ңіл шайы, келін шайы секілді шағын бас қо­­суларға дейін жайылатын қазақ дас­тарқаны ұлт бол­мы­сындағы таза көңілді, дар­хан пейілді, ынтымақшылдықты паш етеді. Негізінен, кез келген уақытта қа­зақ­тың дас­тарқанының керек-жарағы дайын тұ­рады, әсі­ресе, Құдайы қонағы үшін (аяқ-ас­­тынан айтпай келетін). Осы жағынан алғанда, бір шаңырақ астында тұрып жат­қан­дықтан қазақ халқы еліміздегі өзге эт­нос мейрамдарын да жат көр­мейді. Соның ішінде барша қазақ­стандықтың қарсы ала­тын мей­рамы – Жаңа жылды да. Еліміздің әр ша­ңырағында жаппай дас­тарқан жайылатын­дықтан, отан­дық тамақ на­рығы та­бысқа қарық болатын күн – бұл, со­ны­мен қатар мейманханалар мен той жүр­гі­зу­­шілердің, кеш ұйымдас­тыратын агент­­тік­тер­дің көрігі қызады. Отбасынан гө­рі ме­кемелер өткізетін кештер аталған на­рық­тағы қызмет көр­сетушілер үшін тар­тым­­ды. Өйт­кені одан түсетін табыс әл­де­қай­да қомақты болып табылады. Корпо­ративтік кешті ұйымдастыру да меке­ме бас­шылығы үшін аса маңызды, себебі ең­бек ұжымы өміріндегі кикілжіңдерге, тү­сін­бестіктерге осы күні нүкте қойылып, ын­ты­мақ пен бірлік нығаяды. Ал бірлік пен бе­реке бар жерде жұмыстың жемісті жүре­тіндігі белгілі. People Talk коммуникациялық агент­­ті­гінің зерттеу қызметі жүргізген са­уал­нама қо­рытындысына сү­йе­нетін бол­сақ, Алматы қа­ласында корпоративтік кеш өт­кізу 300 мың теңгеден 2 миллионға ба­рып жы­ғы­лады екен. Орташа дастарқан мә­зірі – 8 мың теңге. Оған ішімдік пен же­міс-жидек ен­бейді екен. Ал ас мәзірі толық қам­тылған мей­манханадағы орын бір кісі ба­сына 12-15 мың теңге ара­лы­ғында бо­лады. Нақ­ты­рақ айт­қанда, үш-бес түрлі са­лат, үш-төрт түр­лі тіске басар ас, екі ыс­тық тағам, су­сындар, тәттілер, же­міс-жи­дек, спирттік ішім­дік­тер.



ЕСЕП-ҚИСАП

Осы жылдың маусым айындағы дерек бойынша, елімізде ЖШС, ЖК сипатында тіркелген 200 мыңға жуық заңды тұлға бар екен. Оның тең жартысы шағын кәсіпкерлік нысандары болады деп бажайлап алатын болсақ, онда 100 мың мекеменің Жаңа жылдық кешке кететін шығынын орташа есеппен былайша шығаруға болады: 100 000х300 000 (ең арзан кештің құны) =30 млрд теңге немесе 200 млн доллар. Бұл цифрге бюджеттік мекемелер, әсіресе корпоративтік кешті VIP деңгейде өткізетін ірі ұлттық корпорациялар енбегенін баса айта кетелік.



Қымбат мейрамханадағы бір адамға ар­­налған ең арзан тамақ мәзірі 17 мың тең­­геден басталып, қым­баты 27-45 мың тең­­геге ба­рып жығылатын көрінеді. Қалай де­г­енмен де той залын алдын ала брондап қою керек. Өйткені мерзімінен бұрын аванс төлесеңіз, бағалар бойынша шегерім жа­салуы ықтимал. Тым үнемдегіңіз келсе, кор­поративтік кешті 20 желтоқсанға дейін, жұ­мыс күндері өткізуге кеңес беріледі. Сон­дай-ақ мұндай кештің көрігін қыз­дырып, өзінің креативті ойларымен бө­лі­сетін жүргізушінің де орны ерекше. Ел ара­сында арзан асабаны 500 долларға да та­буға болады, ал танымалын жалдағыңыз кел­се, 2 мыңнан 10 мың долларға дейін шығындалуыңызға тура келеді. Ал шығар­ма­шылық ұжым үшін сырттан жүргізуші жал­дап та керегі бол­май­ды. Бастысы – кеш сценарийі мықтап тү­зілсе болғаны!

Жаңа жыл қалың көпшілік үшін де­ма­лып, көңіл күй көтеретін күні болса, ал әнші мен әртістердің нағыз қауырт жұмысшы ке­зеңі болып табылады. Шетелдіктен бас­тап отандық әншілердің телефонында бұл күні маза болмайды.

Жаппай ел болып тойлайтын мейрам бол­ғандықтан, аталған қызмет түрлері осы Жа­ңа жылды қарсы алуда жыл бойына та­батын табысына кенеледі десек артық айт­пас едік. Мәселен, жәй күндері тойға ке­ле­тін әншілеріміз 500-1500 доллар ала­тын болса, ал жылды аяқтайтын мей­рам қарсаңында бұл ақы бірнеше есеге ша­рықтап шыға келеді. Сұрастыра келе, жер­гілікті қымбат әншілер қатарына Ба­тырхан Шүкенов, «Мюзикола» дуэті, Роза Рым­баева және бірқатар опера әншілері енетінін анықтадық. Алатын ақысы – 8-10 мың доллар аралығында. Нұрлан Абдул­лин, «МузАрт» және «Каспий» топтары – 3-5 мың доллар, «Орда» және «Рахат Лу­кум» топтары – 1-3 мың доллар және т.с.с.

Жаңа жыл мерекесіндегі ең қызықты сәт әрі кешті аяқтаушы отшашуды тама­ша­лау болып табылады. Алыс ұзақтықта сан түс­пен шашылатын оттардың Алматыдағы  орташа бағамы 75-150 мың теңге ара­лы­ғын қамтиды екен.

Қорыта айтқанда, Жаңа жыл секілді жал­пы ел болып тойлайтын мерекеден ел бюд­жеті табысқа кенелмесе, шығынға он­ша бата қоймайды. Бұл арада шығын ре­тінде тек шетелден жалдап шақыртатын ән­шіге кететін қомақты ақыны ғана атауға бо­латын шығар.



БІР КЕҢЕС

Яков Ли, корпоративтік кешті ұйымдастырушы агенттіктің басшысы:

– Тапсырыс берушіге үш түрлі бюд­жет ұсынылады: минималдық, оптималдық және максималдық. Өз тәжірибемнен белгілісі, бұл ара­да шығын үлкен рөл атқармайды. Егер кеш жоспары сол ұжымның мен­талитетіне сай, сауатты жасалса ми­нималдық бюджеттегісінің өзі мық­ты болып шыға келеді. Жалпы, бюд­жетке келетін болсақ, кор­по­ративтік кеш құнының 30-40 па­йызы дастарқан мәзіріне, 20 па­йы­зы көңіл көтеретін түрлі шоуға, қал­ғаны басқа да шығындарға ар­налады. Негізінен, дастарқан фур­шет тұрғысында ұйымдастырылса, он­да едәуір үнем жасап, кештің қал­ған бөлігін кеңейтуге үлкен мүм­кіндік туындайды.





Көрілген: 3346    Пікірлер: 1

бейсенбі, 27.12.2012, 13:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31