Таным

Жаңа жылда қоян етін жемеңіз

Барыс жылы табысты жылға айналып, тарих қойнауына аттанатын күн де алыс емес. Есіктен енгелі тұрған Қоян жылынан күтеріміз мол. Шығыс күнтізбешілерінің айтуына құлақ түрсек, Қоян жылы қай істің де оңынан тууына сеп болып, жолы болғыштарға оң қабақ танытатын жыл екен. Сондықтан бұл жылда бәрін де жақсы ырымға жорысақ, серігіміз сәттілік, жолдасымыз жақсылық болары сөзсіз.

Сонымен, қоян жылы қандай ырым-тыйымға сенім артқанымыз жөн? Неден бас тартып, нені бағдаршам етіп ал­ғанымыз дұрыс?

Қоян – сұлулық пен ұзақ ғұмырдың белгісі. Шығыс күнтізбесі бойынша биыл «те­мір» қоян жылы болады екен. Сондық­тан да сәттілік сәт сайын есік қағып тұрсын десеңіз, ең алдымен темірден жасал­ған қоян белгісін сатып алға­ныңыз дұрыс. Оны көрнекті жерге, мәселен, үйіңіздің төріне іліп қойсаңыз жа­расады. Жыл иесі, үйіңізден өз бейнесін көріп «қуанып» қа­латын көрінеді. Қалқан құлақ­тың сүйікті асы – сәбіз­ді шырша түбіне тастай салуды да ұмытпаңыз. Өзіне ұнай­тын дүниені көрген жыл иесі отба­сыңызға ақ алғысын жау­дырып, арман-тілектері­ңіздің орын­далуына сеп болмасына кім кепіл? Дастар­қан мәзіріне келсек, тағы да сол шығыс күнтізбешілері биыл қоян етін дастарқаннан аластауға кеңес береді. Оның орнына шөп-шалам, көкөністі жақсы көретін жыл иесінің сүйікті тағамын молынан қоюға мүмкіндік мол. Бәрінен бұрын қазақы дәстүрімізге сай ұлттық тағамдар – қазы-қарта, жал-жая, қымыз, қымыран дас­тарқанның басты тағамы болуы тиіс. Дайындалған дәмнің бәрін темір ыдысқа салсаңыз, тіпті қатып кетеді. Бұл «темір» қоян жылына деген тартуыңыз болар еді. Ырым-тыйымға сенім арта­тын­дар да, қол сілтейтіндер де жетерлік. Мұның бәріне сену-сенбеу – өз ықтияры­ңызда. Ең бастысы, жаңа жылымыз құт-береке әкелсін!



Жаңажылдық әзіл

Бір мектепте шырша тойын өткізу үшін арнайы режиссер шақырылады. Дайындық жүріп жатады. Директор:

– Кешіріңіз, бірақ сіз өткен жылы да осы қойылымды қойып едіңіз ғой.

Режиссер:

– Қателесесіз, бұл жолы шырша – керісінше айналып тұр емес пе...





Көрілген: 3750    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.12.2010, 13:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31