Қабанның өлімі

Қабанның өлімі

Жайылымның қызығына түскен қабандар суаттан қалай алыстап кеткенін байқамай қалды. Оларды шөл қысты. Жас қабандар қайда барарын білмей, аңырып кəрі Қабанға қарады. Кəрі Қабан тұмсығын көкке көтеріп, ылғал исін іздеді. Ылғалды сезседе, бағытын анықтай алмады. Желдің басылғанын күткен ол тыныштық орнағанда тұмсығын аспанға көтере қойды. Бағыт анықталды. Ол орнынан қозғала бастады. Жас қабандар соңынан ерді.

Талай жорықты басынан өткерген кəрі Қабан шаршай бастады. Ылғалдың исі анық сезілгенде, жас қабандар жүрісін жылдамдатып, алға ұмтылды. Кəрі Қабан баяулап қала бастады. Оны талай жылғы жұбы мегежін қайта-қайта тосып алды. Арта қалған кəрі Қабанға мегежін мойын бұрып қарады. Қаншама жыл бақытты күндерді бірге өткізіп еді. Бұл үшін ол небір қабандармен жекпе-жекке шығып еді. Оларды бір соққаннан шиырып лақтырып, жеңіс тұғырына көтерілген еді. Сонда бұның мерейі басқа ұрғашылардан үстем болып еді. Енді міне кəрілік келді. Зорға жүріп келеді. Жас қабандар кəрі Қабанның көсем болғанын ұмытты. Олар тезірек суға жетсе болғаны. Жетті-ау əйтеуір.

Су ішіп болған қабандар өзеннің арғы бетіне өтті. Мегежін де өзенге келіп су ішіп болған соң, бұрылып артына қарады. Кəрі Қабан бара бер дегендей бас изеді. Еріксіз өзеннің арғы бетіне өткен мегежін соңғы рет кəрі Қабанға қарады. Көзіне жас үйірілді. Қимастық сезім кеудесін кернеді. Ах ұрды. Амал не, қолдан келер шара жоқ. Ол қабандардың соңынан кете барды.

Кəрі Қабан бұл кезде өзенге жеткен еді. Жағада жатып демін алды. Орнынан тұрып су ішті. Соңғы күшін жинап өзеннен өтті. Суық су бойдағы бар соңғы энергияны сорып алып еді. Аяқтарынан əл кетіп жата кетті. Өмірінде беріспеген ол басын қасқайтып көтеріп алды. Ажалды күтті.

Дəл осы кезде тал басында Қарақұс отыр еді. Ол өмір бойы өлексенің көзін шұқитын. Енді міне тірі Қабанның көзін шұқу сəті келді. Қандай бақыт десеңші. Тірі көздің дəмі қандай екен. Осы ойлардан ол қанатын қалай қомдап жібергенін байқамай қалды. Бір сəтте кəрі Қабанның басына қонды. Қабанның қарсыласуға шамасы келмеді. Басын қасқайтқан күйі жата берді.

Қарақұс лезде көздерді шұқып алды. Жарық дүние тас қараңғыға айналды. Қызылды-жасылды сəулелер алыстап бара жатты. Бұл не? Көр ме? Япырау, көрге тек дене ғана түсуші еді ғой. Жанымды да көрге салды ма? Құдай-ау, мен саған не жаздым? Неге мені сонша қорладың? Ең құрмаса жанымды көкке жіберсеңші. Жоқ. Сенің жаның əлі шыққан жоқ. Сен көрде емессің. Сен əлі жердесің деді оған Құдай. Кəрі Қабан қуанып қалды. Сол сəтте бір домалақ жылы нəрсе одан алыстап кете берді. Қош деді. Жылағысы келді. Көзі жоқ екені еске түсті. Мейлі деді. Жаным аспанда болса болғаны. Кəрі Қабан сылқ етіп құлап түсті. Қорқаулар келіп оның бұтын бұт, қолын қол қылып талап жатты.

 

Рашид Керімбаев
2000 жыл. Стокгольм.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста