Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұлу жылы туған ұлы тұлғалар

28 желтоқсан 2011, 13:55

Он екі жылда бір айналып келетін ұлу жылы туған ұлы тұлғалар әлем тарихында аз емес. Бір мүшел сайын дүниеге келген кемеңгер Жер тұрғындарын ғаламшардың әр түкпірінен ондап, жүздеп табуға болады.
Бұл тізімді шығыстың шайқы шайыры Омар Хайям (1048) бастаса, атақты жазу­шы, детектив жанрының негізін қалаушы Эдгар По (1810), әйгілі қаламгерлер Льюис Кэрролл (1832), Дж.Р.Толкиен (1892), Иосиф Бродский (1940), Максим Горький (1868) де ұлу жылы туған ұлылар қатарынан.
Ал әлемнің жаратылысы мен тылсы­мына көз тіккен философтар арасынан «фа­шизм­нің рухани атасы» Фридрих Ницше (1844), коммунизмнің «көкесі» Фридрих Энгельс (1820), Освальд Шпенглер (1880), Жан-Жак Руссо (1712), әйгілі педант Иммануил Кант (1724) осы жылы дүниеге келіпті.
Саясатқа қатысы барлар арасына таны­мал тарихи тұлғалар өжет қыз Жанна д’Арк (1412), орыс патшасы Николай II Романов (1868), Америка президенті Авраам Лин­кольн (1810), Эрнесто Че Гевара (1928), көрші Владимир Путин (1952), Франсуа Миттеран (1916), Эдуард Шеварднадзе­лерді (1928) атауға болады.
Ұлу жылы туған саясаткерлер арасында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев (1940) та бар.
Ұлу жылы туған ұлылар аз емес. Олар әлем тарихында өз қолтаңбаларымен түрлі жол салып-ақ келеді...