Зейнеткердің сауалы

GLOBAL MEDIA: EXPO-2017 әлемге керек

  • GLOBAL MEDIA: EXPO-2017 әлемге керек

    GLOBAL MEDIA: EXPO-2017 әлемге керек

Еліміз үшін 2017 жылдың басты оқиғасы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің шымылдығы ашылғанына да көп уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен екі апта көлемінде көрмеге 205 мыңнан астам қонақ келіп үлгерді. Ал ашылу салтанатында көршілес жатқан Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, сондай-ақ өзге елдің 8 президенті қатысқаны белгілі. Жалпы Орталық Азияда тұңғыш рет өткізіліп отырған халықаралық шараға әлем көз тігіп отыр. Бүгінде Астанадағы көрме жайында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Шетелдік журналистердің «Астана «ЭКСПО 2017» жайлы жазған мақалаларына «Жас қазақ» газеті шолу жасап көрген еді.


Көрменің ашылу салтанатына еліміздің және шетелдік БАҚ-тың екі мыңнан астам өкілі қатысты. Оның қатарында әлемнің үздік телеарнасы, ақпарат агенттігі, газеттері бар. Мәселен, Американың CNN, Forbes, Қытайдың CCTV, CGTN, Түркияның мемлекеттік телеарнасы (TRT) мен Украинаның бірнеше ақпарат агенттіктері, Пәкістанның ағылшын тілінде ақпарат тарататын агенттігі (dailymailnews.com), Түркіменстан, Белоруссия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де елдің телеарна, газет, сайттары бар. Әр ел өз павильоны туралы мәлімет келтірсе, кей баспасөз аз уақытта бой көтерген көркем нысандарды тілге тиек етуде. Кейбірін назарыңызға ұсынып отырмыз.




Америка, Forbes: Қазақстан әлемдік аренаға тағы бір қадам жасады


Америкалық танымал Forbes журналы елімізде өтіп жатқан халықаралық көрме туралы бірқатар мақала басты. Біріншісі «Астанада өтіп жатқан көрмеге барудың 5 себебі» деп аталады. Автор жазғандай, қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен бөлек, әлемнің жасыл технология саласында жеткен жетістігімен танысуға болатындығы айтылған. Ол қала тұрғындарының қонақжайлылығын ерекше атап өткен. Осы журналда жарияланған тағы бір материал – «EXPO 2017 Қазақстанның әлемдік аренаға жасаған тағы бір қадамы» – деп аталады. Журналист өз еңбегінде еліміз ЭКСПО-ны өткізу арқылы баламалы қуат өндіруде жаңа деңгейге көтеріледі деген.




Англия, Daily Mail: Астана көрмені өткізуге дайын


Англияда шығатын бұл басылым еліміздің «Астана «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне өте жақсы дайындалғанымызды атап өткен. Жүзден астам ел қатысатын бұл шараға аудармашылар да сақадай сай дайын тұр. Басылым Қытай елінің көрмеге қатысуға бірінші болып келісім бергенін келтірген. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай павильонына екі рет барғаны айтылған.




Америка, CNN: Пост-кеңестік қаладан ғажайып Астанаға дейін


Америкалық CNN International Елордамызға «болашақтың ғажайыбы» деп баға берді. Сондай-ақ Астананың көркем ғимараттарымен қоса әр нысанның анықтамасын да көрсетіп өткен екен. Болашақтың қаласы – ғарыштан қарағанда Жер ғаламшарының кереметі іспетті көрінуі ғажап емес.




Қытай-Ресей: russian.china.org.cn:


Қытайлық кәсіпорындарға мүмкіндік ашылды

Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» қытайлық үздік кәсіпорындарын таныстыруға мүмкіндік береді. Қытайда баламалы қуат көзін дамыту Батыс елдеріне қарағанда кештеу қолға алынғанымен, соңғы уақыттары энергетикалық технология саласында Еуропа мен Америкаға жетіп қалды. Қытайдың күннен қуат алатын батареялары әлемдік нарықта өз орнын ойып тұрып алды. Осы орайда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жасыл энергияны бірлесе дамытуға жасалған платформа.




Түркия, TRT Haber:


«Түркияның тәжірибесі біз үшін маңызды»

Көрме ашылған күні Түркия павильонының да салтанатты ашылу рәсімі өтті. Павильоның ашылуына Астанадағы ЭКСПО Түркия комиссары Тарык Сөнмез, еліміздің инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Түркияның Астанадағы елшісі Невзат Уянык қатысты. Қазақстанның инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Қазақстан-Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарын қайта пысықтайтын боламыз. Екі ел арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіндірген министр «түрік азаматтарының жұмыс істеуге де, турист ретінде келуі де көңіл қуантарлық жағдай», – деді.




Украина, day.kyiv.ua:


Сергей Свистиль, сауда-өндірістік палатасының вице-президенті:

– Украинаға инвестиция тарту, сондай-ақ соңғы үлгідегі технологияны әкелу үшін «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмесінің мүмкіндігін пайдаланамыз. Украинадан көрмеге 100-ден аса кәсіпорын қатысады. Біздің мақсатымыз – еліміздегі өндіріс деңгейін көтеру үшін көрме барысында өзге елдермен байланыс орнату. Инвестиция тарту үшін бизнес-форум ұйымдастыратын боламыз.




Әзірбайжан, AzTV мемлекеттік телеарнасы:


Бұл телеарна EXPO көрмесіне айрықша мән берген. Елордаға жіберілген арнайы тілшісі бірқатар сюжет дайындаған. Оған сәйкес EXPO-2017 мамандандырылған көрмесінің әлемнің экономикалық дамыған жетекші елдерінен кейін Қазақстанда өтуі энергетика саласындағы ынтымақтастықтың ары қарай дамып, қатысушы елдерде жүзеге асырылған жаңа технологиялардың алмасуына мүмкіндік береді. Келесі EXPO-2025 халықаралық көрмені өткізуге Ресей, Франция және Жапониямен қатар Әзірбайжанның да үміткер екендігі баса айтылды.




Түйін:
Осылайша көрмеге қатысып жатқан 100-ден астам елдің баспасөз құралының «Астана ЭКСПО-2017» туралы жазғанын мысал ретінде келтіре беруге болады. Себебі осы уақытқа дейін біздің назарымызға іліккен мақала, сюжеттің саны мыңнан асады. Сыннан гөрі салмақты, сараптама басым. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы көпшіліктің көкейінде жүргені белгілі болды. Ең бастысы, еліміз сын сағатта жол тауып, бүкіл әлем алдында абыройлы, мәртебелі іс атқарды.




Елдос Өмірзақұлы

«Жас қазақ»




Көрілген: 2819    Пікірлер: 9

жұма, 23.06.2017, 10:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30