Зейнеткердің сауалы

Ақышев зейнетақы ақшасын азаматтардың қажеттіліктеріне мерзімінен бұрын алу туралы ұсыныстарға түсінік берді

  • Ақышев зейнетақы ақшасын азаматтардың қажеттіліктеріне мерзімінен бұрын алу туралы ұсыныстарға түсінік берді

    Ақышев зейнетақы ақшасын азаматтардың қажеттіліктеріне мерзімінен бұрын алу туралы ұсыныстарға түсінік берді

ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев зейнетақы ақшасын азаматтардың қажеттіліктеріне мерзімінен бұрын алу туралы ұсыныстарға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақышев Ұлттық Банк азаматтардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алу және салымшылардың басқа қажеттіліктері үшін мерзімінен бұрын алу туралы ұсынысын қолдауға дайын ба деген журналистердің сұрақтарына жауап берді. "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі не үшін құрылады? Адамдардың жасы ұлғая келе орын алатын еңбекке жарамсыздығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинақтау үшін. Ақшаның бір бөлігін азаматтар үшін алу керек деген кез келген ұсыныстар зейнетақы қаражатын төлеуге жіберілетін ақша бөлігінің қысқаратынын білдіреді", - деді Ақышев. Ол зейнеткерлердің бүгінгі буыны зейнетақыны мемлекеттік бюджеттен алатынын атап өтті. Оның айтуынша, болашақта, бұл опция айтарлықтай қысқарады. "Кедейшілік бойынша жәрдемақы қалады. Қалғанының бәрі жинақтаушы зейнетақы жүйесінен жүзеге асырылуға тиіс. Зейнеткерлік жасқа жеткенше ақшаны пайдалану үшін арнаны аша отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қауіп төнуі мүмкін, адамдарға болашақта ақша жетіспеуі мүмкін. Сондықтан ақшаны пайдалану туралы кез келген ұсыныстар қартайғанда ақша жете ме? деген мәселемен өлшенуге тиіс", - деп өз көзқарасын білдірді. "Қызметкердің өзінің әлеуметтік қамсыздануы үшін жауапкершілігі өсуге тиіс және жинақтаушы зейнетақы жүйесі - алғашқы қадам. Оның күрделі екендігі және әрине халықтың менталитетін өзгерту үшін ұзақ уақыт талап етілетіні түсінікті. Алайда бұл қажетті қадам", - деді ол.




Көрілген: 1454    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.06.2017, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31