Зейнеткердің сауалы

Алматыда салығы төленбеген мыңнан аса көлік айып тұрағына қойылады

  • Алматыда салығы төленбеген мыңнан аса көлік айып тұрағына қойылады

    Алматыда салығы төленбеген мыңнан аса көлік айып тұрағына қойылады

Алматыда наурыздың соңына дейін салығы төленбеген мыңнан аса көлік айып тұрағына қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасына сілтеме жасап.


"Алматының Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы сот органдары мен сот орындаушыларын іске тарта отырып, көлік салығы бойынша қарыздарды өндіруге қатысты кең ауқымды жұмыс жүргізеді. Қазір сот органдары 371 миллион теңге қарыз бойынша 1 704 жарлық шығарды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. Жарлықтар негізінде осы уақытқа дейін 250 көлік айып тұрағына қойылды. Қалған 1 454 көлік наурыздың соңына дейін айып тұрағына қойылады. Сонымен қатар, барлық борышкердің Қазақстан аумағынан шығуына шектеу қойылып, жүргізуші куәлігінің жарамдылығы тоқтатылады, мүлкі мен банктегі есепшотына тыйым салынады. "Жайсыз жағдайға тап болмау үшін көлік салығы бойынша қарыздарды наурыздың соңына дейін өтеуге шақырамыз", - дейді ведомство өкілдері.

 




Көрілген: 1181    Пікірлер: 0

жұма, 24.03.2017, 12:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31