Зейнеткердің сауалы

Әрбір экономикалық белсенді алматылықтың банкке 1 миллион теңге берешек

  • Әрбір экономикалық белсенді алматылықтың банкке 1 миллион теңге берешек

    Әрбір экономикалық белсенді алматылықтың банкке 1 миллион теңге берешек

Әрбір экономикалық белсенді алматылықтың банк алдында 1 миллион теңгеден астам берешегі бар. Экономистердің айтуынша, банктерден қарызға қаражат алу әлі де қымбат. Дегенмен, жақында бір өзгеріс болады деп топшылаған мамандар, ипотекаға баспана алушыларға жыл соңына дейін күте тұруға кеңес береді.



Алматылықтар - банк алдында ең көп қарызданған тұрғындар көшін бастап тұр. 1 триллион теңге ортақ берешекті адам басына шаққанда әрбір экономикалық белсенді қала тұрғынына 1 миллион 60 мың теңгеден келеді екен. Десе де соңғы айдың көрсеткіштері тәуірірек. Тұтынушылық несиелер көлемі 9 миллиард теңгеге азайған екен. Несие қоржынының құрылымы да біраз өзгерістерге ұшыраған. Банк қаражатына тұтынушылық несиемен қатар кіші бизнес те былтырғымен салыстырғанда көбірек жүгінген көрінеді. Берілген Ипотека көлемі де ұлғайыпты. Ал банктің өзге ұсыныстарына сұраныс керісінше кеміген.



ЖАНАЙДАР СӘДУАҚАСҰЛЫ, "Ranking" сараптамалық орталығының маманы:

- Кепілсіз несиелер жыл басынан алып салыстырғанда өсті, яғни тиімді мөлшерлемесі 30,5 пайыздан 32,3 пайызға дейін өсті. Керісінше ипотеканы алып қарайтын болсақ, 22,7 пайызған 20,5 пайызға дейін төмендеді.



Экономист Мақсат Халық Ұлттық банк базалық мөлшерлемені біртіндеп түсіріп жатқанымен, коммерциялық мүддені көздеген қаржы институттары үстеме пайыздарын өзгертпей ұстап тұр -дейді. Алайда маман пікірінше бұл үрдіс көпке дейін ұзамайды. Себебі базалық мөлшерлемемен бірге инфляция деңгейі жыл соңына дейін 6,8 %-ға дейін төмендесе, банктер тұтынушылық несие мен ипотеканы арзандатуға амалсыздан көнбек. Сондықтан дәп қазір қаржы институттарынан үлкен соманы қарыз алу қолайлы емес дейді ол.



МАҚСАТ ХАЛЫҚ, Экономист:

- Егер де базалық пайыздық мөлшерлеме түсетін болса, ол депозиттің де пайыздары түседі, тиісінше несиенің де пайыздары түсуі керек. Ұзақ жылға жоспарланған Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеу саясаты бар ғой, 2020 жылға дейін инфляция деңгейін 4 пайызға жеткіземіз деп мақсат қойып отыр. Егер ол мақсат орындалатын болса, базалық мөлшерлеме 5-6 пайызға түсуі керек, ондай болса ипотекалық несие де, басқа несиелер де өте қолайлы болады.



Жуырда Ұлттық банк ресми қайта қаржыландыру мөлшерлеме мәні мен базалық мөлшерлеме мәнін конвергенциялау яғни теңестіру туралы шешім қабылдады. Бұдан былай базалық мөлшерлеме өзгерісі ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің автоматты түрде өзгеруіне кепіл болады. Ал орталық банктің бұл реформалары халыққа қаншалықты жағымды боларын болашақ көрсетпек.



Жанар Жолтаева, Сергей Шуйский  




Көрілген: 1154    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.04.2017, 22:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31