Зейнеткердің сауалы

Атыраудағы ең сұлу фотомодель мал шаруашылығынан қалай табысқа жетті? (фото)

  • Атыраудағы ең сұлу фотомодель мал шаруашылығынан қалай табысқа жетті? (фото)

    Атыраудағы ең сұлу фотомодель мал шаруашылығынан қалай табысқа жетті? (фото)

Атыраулық фотомодельдің ауылшаруашылығын қолға алуы жұртшылықтың назарын аударып отыр. Назерке Кусесова бұл салада қызмет етемін деп мүлде ойламаған. NUR.KZ тілшісі Атырау сұлуынан үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бизнесі мен хоббиін әдемі ұштастыруының сырын сұрады.

Назерке Кусесова фотомодельдік кәсіпке осыдан екі жыл бұрын қадам басқан.


«Алғаш рет модельдік агенттікке екі жыл бұрын бас сұқтым. Бізге ол жерде подиумда жүріп-тұруды, өз-өзімізді камераның алдында ұстай білуді үйретті. Сол жерде алғашқы фотосессиям болды. Содан бастап мен фотографтардың назарына іліге бастадым. Одан соң Дубайға демалуға барғанда фотографтар байқап қалып, маған фотосессия жасауға ұсыныс жасады. Кейін Түркияға барғанда фотосессияға ұсыныс жасады. Осылайша қазір елімізде Инстаграм желісінде түрлі тауарларды жарнамалап жүрмін. Бұған мен хобби ретінде қараймын. Одан ләззат аламын», - дейді Назерке.Атыраулық ару Малайзияда тілін жетілдіріп, елімізде мұнай саласында білім алған. Алайда ол өз болашағын жеке кәсіпкерліктен тапты.

«Әкем кәсіпкер болғандықтан сол кісіге көмектесейін, ата-анамның маған істеген бар жақсылығын қайтарайын деген ниетпен ауылшаруашылық саласына бет бұрдым», - дейді ол бұл қадамының себебін түсіндіре келе.

Батыс Қазақстан облысында туып-өсіп, қазір Атырауда тұрып жатқан Назерке Кусесова отбасылық кәсібінің аяқ алысымен бөлісті.

«Әкем мен анам бұл кәсіпті біздің кішкентай кезімізде бастады. Үйде үш қызбыз. Мен ортаншысымын. Мал шаруашылығымыз Батыс Қазақстан облысында. Етті сол жақтан тасимыз. Оны қонақ үйлерге, мейрамхана, түрлі фирмаларға өткіземіз. Жақында тағы бір мал шаруашылығы қожалығын аштық. Болашаққа жоспарымыз көп. Тауар көлемін арттырып, тұтынушылар базасын көбейтсек дейміз. Келесі жылы Ресей нарығына шықсақ деген ой да бар. Қараша айында өтетін Жас Отанның жастар форумына аймақтағы бизнес өкілінің бірі ретінде шақырту алдым. Бұл мен үшін жеңістік деп ойлаймын», - деп қуанышымен бөлісті атыраулық кәсіпкер.

Назерке бизнес жолында қиындықтардың болмай қоймайтынын тілге тиек етті. Ол ешқашан өзіне деген сенімді жоғалтпау маңызды деп есептейді.


«Мен барған бірнеше бизнес, психологиялық тренингтерден түсінгенім - бұл өмірде өз-өзіңе сену керек екен. Ешқашан да өзіңе деген сенімді жоғалтпау қажет. Ештеңе оңайлықпен келмейді. Қиындықсыз болмайды. Оларды жеңе білу керек. Оған әрқашан да дайын болу керек. Бизнес болған соң, бәрін көруге тура келеді. Бізді алдап кетіп, үлкен сомадағы ақшаны бермей, кейін банкрот болғандар да кездесті. Бірақ ешқашан еңсені түсірмеу керек. Бизнес болғасын барлығы болады. Адам ештеңеден сақтандырылмаған», - дейді ол.


Назерке ондай кездерде бастысы, адамдармен тіл табыса білу екенін алға тартады.


Ол осы күнге жеткізген әкесін мақтан тұтады.


«Себебі ол кісі күні-түні ұйықтамай, жолда жүріп, осы күнге жеткізді. Кішкентай кезімізде Оралда тұрғанда әкемнің ескі көлігі болды. Оның пеші де болмапты. Сонымен Оралдан суыққа қарамай ет таситын. Сөйтіп осы дәрежеге өзінің еңбекқорлығының және анамның қолдауының арқасында жетіп отыр», - дейді Назерке Кусесова.

 




Көрілген: 1779    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.05.2017, 10:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30