Зейнеткердің сауалы

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақыларды қайта есептеді

  • "Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақыларды қайта есептеді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады.


Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9 пайызға арттырылғанын ескере отырып, 11 пайызға көбейетін болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7 пайызға арттырылғанын ескере отырып, 13 пайызға өседі. Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жолдауға сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өседі. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері 20 пайызға дейін көтеріледі. Мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 45 711 теңгеге дейін көтеріледі. Салыстырма түрде 2016 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 37789 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемдері биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 14 466 теңгені құрайды, ал зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 66 676 теңгеге дейін артады. Мұнымен қатар, зейнетақы төлемдері барлық есепте тұрған зейнеткерлерге қайта есептелетіні айтылады. Бұл ретте, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Сондай-ақ, ана мен баланы қолдау бойынша мемлекеттік саясат шеңберінде 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 20 пайызға ұлғаяды. Бірінші, екінші және үшінші балаға жәрдемақы сомасы 38 АЕК немесе 86 222 теңгені, төртінші және одан кейінгі балаларға - 63 АЕК немесе 142 947 теңгені құрайды. "Сондай-ақ, жұмыс берушілерге Қазақстанда 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатыны туралы ескертеміз. Азаматтарға арналған үкімет МӘМС шеңберінде аударым және жарналарды қабылдауға ағымдағы шот ашылған", - делінген хабарламада.




Көрілген: 1349    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.06.2017, 10:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30