Зейнеткердің сауалы

Әзірбайжан банкіндегі ақшаны қайтаруға Сағынтаевтың өзі кірісті

  • Әзірбайжан банкіндегі ақшаны қайтаруға Сағынтаевтың өзі кірісті

    Әзірбайжан банкіндегі ақшаны қайтаруға Сағынтаевтың өзі кірісті

71 миллиардтың жыры үкіметке енді жетті. Бүгін мұнда Бірыңғай зейнетақы қорынан Әзірбайжан банкіне салынған миллиардтарды қайтару мәселесі талқыланды деп хабарлайды КТК арнасы.

Әзірге, Ұлттық банк төрағасының өткен аптада айтқан үш жолы қаралып жатыр екен. "Бірақ үшеуі де Қазақстан үшін тиімсіз", - деген еді Данияр Ақышев.

Бас банк басшыларының кезінде жіберген өрескел қателігін түзеумен енді премьер-министрдің өзі айналысуға мәжбүр.

Ол үшін Бақытжан Сағынтаев Әзірбайжанның Үкімет басшысымен кездесіп те үлгерген. Айтуынша, әріптесі қаржыны қайтару үшін қол ұшын беруге уәде етіпті.

"Заң бойынша зейнетақы қоры Үкіметке тиесілі болғандықтан, оған мемлекет жауапты. Енді оны кері қайтару үшін Әзірбайжанның премьер-министрі Артур Расизаде қолдау көрсетемін деп отыр. Бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауымыз керек", - дейді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.  Әзірбайжан банкінен жапа шеккен жалғыз Қазақстан емес екен. Банкрот болған банктен еліміз секілді құнды қағаз сатып алып опық жегендер жетерлік көрінеді.

Тура бір апта бұрын осы кредиторлар Лондонда бас қосқан. Оған бізден Ұлттық банк пен үкімет мүшелері қатысыпты. Сол жиында Әзірбайжан тарапы Қазақстанға ақшаны қайтарып берудің үш жолын ұсынған.

"Бірінші ол банктің облигацияларын мемлекеттің облигацияларына ауыстыру. Бірақ бірінші вариантта негізгі сома 20 пайызға қысқарып қалады. Үшінші вариант ол 7 жылдық облигацияларды шығару. Сондықтан барлық кредиторлар осы үш ұсынысты талқылап жатыр", - дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Яғни, еліміз 71 миллард теңгенің бір бөлігін жоғалтпай толық қайтаруы тиіс. Сондықтан осы үш ұсыныстың қайсысы тиімді болатынын мамандар зерттеп жатыр.

Бірақ, тақырға отырған Әзірбайжан банкі кредиторлармен шілде айында тағы кездеспекші. Соған қарағанда айтылған ұсыныстар өзгеріп қалуы да ғажап емес.




Көрілген: 1363    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.05.2017, 22:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30