Біреу зейнетін, біреу бейнетін көреді

Біреу зейнетін, біреу бейнетін көреді

Біздегі зейнеткерлердің классикалық бет-бейнесі қан­­дай? Жасы алпысты ал­қым­­даған, немере-шөбере бағып отырған, көпшілігі таяққа сүйенетін, денсаулығы да біршама сыр берген адам­дарды ойладыңыз ба? Жә, бәрі бірдей мұндай бейнеде болмаса да, басым көпшілігінің кешіп отырған күйі осындай екеніне еріксіз келісетін боларсыз. Неге біздің зейнеткерлер желіп жүріп жер танып, жаңа қызығушылық тауып, қамсыз ғұмыр кешпейді? Ал өзге елдерде зейнет жа­сындағылар не істейді?
Негізі, мемлекеттің қанша­лықты дамығанын көрсететін фак­торлардың бірі ретінде ол ел­дегі зейнеткерлердің жағдайына қарап баға беруге болады. Әлбетте, қартайған шақта әдемі ғұмыр ке­шуге мүмкіндік беретін елдер ту­ралы сөз етсек, бірінші кезекте Батыс елдері еске келеді. Мысалы, эко­номикасы әлем бойынша ең мық­ты­лардың қатарында сана­латын Германияны алып қарасақ. Мұнда зейнеткерлерге жасалған жағдайға қызыға қарауға болады. Ер де, әйел де 67 жаста зейнетке шы­ғады. Одан ерте шығуға да құ­қылы. Ол үшін әр жұмыс істемеген айы үшін жинағының шамамен
0,3 пайызындай қаражатты толық­ты­руы керек. Бұл елде әйелдер ор­та есеппен 630 еуро алса, ерлер &ndash 1080 еуро. Ал мемлекет бойынша орташа зейнетақы мөлшері 770 еуро екен. Біздің валютаға шақ­қанда, шамамен 390 мың теңгедей қолға алады деген сөз.

Америкада ерлер 67 жастан бастап шықса, әйелдер үшін бекітілген жас &ndash 65. Орташа зей­нетақы &ndash 1 503 доллар. Теңгемен есептегенде, бұл 600 мың теңгеден асып жығылады. Америка зей­нетақы жүйесінің бір ерек­­­шелігін айта кету керек. Яғни, америкалық бір компанияда он жыл жұмыс істеп, қажетті зей­­нетақы жинағын жинап алуға болады екен. Осы ретте зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға жеткілікті шекке 40 жылдық жұмыс өтілінің өзімен жеткізе алмай отырғандар еріксіз еске тү­седі. АҚШ азаматтарының дені зейнетке шыққанша 2-3 есе көп қаражат жинайды деседі. Егер ертерек шыққысы келсе, себебін көрсетіп, өтініш қалдырады. Бірақ ол жағдайда зейнетақы мөлшері алуы тиіс соманың 70 пайызындай болады. Сонымен бірге мем­ле­кеттік зейнетақы қорына ау­даратын ақшадан бөлек, азаматтар қосымша зейнетақы қорына да жинақ жинай алады. Мемлекеттік қорға салатын сома жалақының 15 пайызына тең. Оның жар­ты­сын &ndash өзі, жартысын қызмет ете­тін кә­сіпорны төлейді.

Сарапшылар Ұлыбри­та­ния­дағы зейнетақы жүйесі жайлы көбіне жақсы пікір айтады. Мұнда зей­нетақының мемлекеттік, жеке және еңбек еткен жылдарына бай­ланысты берілетін түрлері бар. Ерлер 65 жаста шықса, әйелдер &ndash 60-65. Егер зейнеткерлік жастан кейін де жұмысын жалғастырса, әр жылына қосымша үстемеақы төленеді. Орта есеппен ұлыбри­таниялық азамат аптасына 125 фунт алады екен. Яғни, әр апта сайын есепшотыңыз 70 мың тең­геден астам қаражатпен толығады деген сөз. Базалық зейнетақы алу үшін корольдікте кем дегенде 10 жыл жұмыс істеуі міндетті. Әр еңбек еткен жылына зейнетақы мөлшері 4,44 фунтке өсіп тұрады. Сонда базалық зейнетақы бойын­ша аптасына минимум 44,4 фунт төленеді. Айтқандай, мемлекеттік түрінен бөлек жеке зейнетақы жүйесі де бар. Ол дегеніміз &ndash жеке қаржы мекемелерінде жинақ­тауына да рұқсат берілетінін біл­діреді. Осылайша, ай сайынғы төлем мөлшерін таңдауда шектеу жоқ. Жалдамалы қызметкерлері табы­сының орта есеппен 5-8 пайы­зын салып отырады деседі. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, қажет болған жағдайда төрттен бірін шешіп алуға болады. Еш салық ұсталмайды.
 
Ал енді соңғы үш онжылдықта ғана дамуға бет алған өзіміз сияқты елдерден де бір үлгі қа­растырып көрсек. Мұндай ел­дердің бірі &ndash Қытай. Мұндағы жүйенің ерек­шелігі &ndash ауыл шаруа­шылығында еңбек еткендерге зейнетақының берілмеуі. Бұл жағ­дай кеңестік кезеңді көрген азаматтарға жақсы таныс. Өйткені КСРО-да да 60-жылдарға дейін ресми түрде зейнетақы төленбей келген еді. Ұжымшар тарапынан аздаған жәрдемақы берумен шек­телген. Қытайда ерлер 60 жасында зей­нетке шығады. Менеджер әйел­дер &ndash 55, қал­ғандары 50 жаста зейнеткер атанады. Дамуы жа­ғынан біршама алға кетсе де, мұн­да осы зейнетақы жүйесіне қа­­­тысты біршама келеңсіздік бары жиі айтылады. Бұл елдегі орта зей­нетақы мөл­шері &ndash 150-200 дол­­­­лар шамасында. Неге бір жолға қойылмайды деген заңды сауал туындайды. Оған халық санының, соның ішінде жасы 65-тен ас­қандардың өте көп екені себеп болып отыр. Тууға қойылған шек­теудің салдарынан бүгінде Қытай қартаю қарқыны жоғары ұлт са­­налады. Әйтсе де, ел бюджетінің 40 пайызы осы зей­нетақы төлем­деріне кетеді деседі. Жағдай бірақ соншалықты қай­ғылы, яки көңіл­­сіз деуге келмейді. Себебі қы­тай­лық қарттар зейнет жасына кел­­­генде жап-жақсы ғұмыр ке­шеді екен. Тіпті, дамыған кей елдерді басып озады деген де пікір бар. Өйткені бұларда дәстүр мен үл­кендерге деген құрмет ерекше. Тіп­ті, үлкенді сыйлау мәдениеті қалыптасқан. Қы­тайлық қарттар зейнетке шыққан соң өмірді құд­ды жаңадан бас­тағандай болады дейді. Дос­тарымен ел-жер аралып, спорт­­­­­пен шұғылданып, белсенді бола түседі екен. Оларға арналған жеңіл­­дік түрі де, тегін уақыт өт­кізу­­­­­­­­­ге арналған нұсқалар же­тер­лік. Одан бөлек, туристік фир­маларда әлем аралауға мүм­кіндік беретін арнайы жеңіл­діктер қа­растырылған. Со­ның арқасында қытайлықтар топ­тасып, дүние­жүзін аралауды жөн көреді.

Азия елдерінің арасында жа­пон­дық қарттарға қызыға қарауға бо­лады. Олардың зейнетақы мөл­шері орташа алғанда &ndash 1 700 доллар шамасында. 700 мың теңгеден астам қаражат ай сайын картаға түсіп тұрған соң зейнеткерлер қан­нер-қаперсіз ғұмыр кешеді. Бұл жақта бәрі 65 жаста зейнетке шы­ғады. Ертерек шығуды қаласа, айталық 60 жаста зейнеткер ата­натын болса, зейнетақысы 25 пайызға қысқарады. Сондай-ақ жұмысын жалғастыруға да кедергі жоқ. Тіпті, 70-ке келгенде де қыз­­метін жалғағандар 25 пайызға жо­­­­ғары зейнетақы алуы мүмкін екен. Қытайлық зейнеткерлер сын­­­­­ды жапондардың да зейнет жасы­на жеткен соң әлем шарлап, турист боп жүргенін жиі көруге болады.

Жер жүзіндегі ең жоғары зей­нетақы алатын &ndash даниялықтар. 2 800 доллар немесе 1,1 миллион теңгеге жуық қаражат түседі. 65-67 жаста зейнетке шығатын олардың орташа өмір сүру ұзақтығы 80 жас шамасында екен. Мемлекет та­рапынан зейнеткерлерге жа­са­латын қамқорлық ерекше. Тіпті, бірі бұл елді зейнеткерлердің «Мек­кесіне» теңесе, енді бірі қарттарға арналған жердегі жұмақ деп баға береді. Жұмыс істейтін адамдардан да дәулетті ғұмыр кешетініне қа­расақ, бұл теңеулер дәл суреттеп тұрғандай. Сонымен бірге қарт­тардың жағдайынан барынша хабардар болу үшін әрбір дат му­ниципалитетінде ДанЭйдж қо­ғамдық ұйымының бөлімшесі жұмыс істейді. Сол арқылы зей­неткерлердің хал-ахуалы үнемі бақылауда болады.

Енді әу баста қойған сауалға қайта оралсақ. Біздегі зейнет­­керлердің жағдайы қандай? Биыл 1 қаңтардан бастап зейнетақы 7 пайызға өсті. Пайызбен көрсет­кенде құлаққа жағымды естіл­­ге­­німен, іс жүзінде қосылатын қа­ражат соншалықты көп емес. Ми­­­­­нимал зейнетақы мөлшері &ndash 43 272 теңгеге тең. Базалық зей­­нетақы 5 пайызға өсіп, 18 524 тең­­­­­гені құрады. Ал енді осы базалық зей­нетақы төлемін есепке алғанда минимал мөлшері 61 796 теңге болды. Осы қаражатпен шетел ара­лап, болмаса өмірін жаңа ба­ғытқа бұру қаншалықты мүмкін? Зейнет­­­кер Сәуле Құнапиянованың жасы 82-де. Жасынан еңбекке араласқан. Бүгінде ай сайын 73 мың теңге алады. «Зейнетақымның көп бөлігі құдалық, той не садақа сияқты жиындарға кетеді. Одан қалды, шөберелеріме ұстатамын. Өз атыма бөліп төлеуге заттар алып тұрамыз. Бәрін немерем мен келі­німнің мой­­­­­нына іліп қоймай, өзім де үйге керек-жарақ ала­мын», &ndash дейді Сәу­ле әже. Ал шетелге бару не зейнет­керлікті бас­қаша өткізуге қалай қарай­тынын сұрағанымызда «Қар­тайғанда тілін де, дінін де біл­мейтін елде нем бар?» деп қысқа қайырды.

Неліктен екенін, қазақстандық зейнеткерлердің бәрі болмаса да, басым көпшілігі қарттығын үйде, немере-шөбере бағумен ғана бай­ланыстырады. Қайбір жылдары желіде саяхатшы әже туралы жа­рыса жазылды. Жасы 80-де бол­ғанына қарамастан, Еуропаны аралап, немересімен әлемнің түрлі кереметінің жанында суретке түседі. Сол кезде көбіміз қызық­қан­быз. Әрі ел ішіндегі таптаурын­ның да бұзылғанына куә болдық. Қыдырудан бөлек, өзге елдерде зей­неткерлер 70-ке келгенде уни­верситетке түсіп, диплом алып жатады.

Қалай десек те, стереотиптердің қалыптасып, санаға сіңуіне мем­лекет тарапынан жасалатын іс-шаралардың сөзсіз әсері болады. Мәселен, Біріккен Корольдікте әлем бойынша бірінші рет «Жал­­­ғыздық министрлігі» құрыл­ған еді. Бұл құрылымның мақсаты &ndash жал­­ғыздықтың зардабын тартқан егде жастағыларға қамқор болу. Мем­лекет тарапынан зерттеу жаса­лып, нәтижесінде әрбір бе­сінші британ­дық азамат өзін жал­ғыз сезінетіні белгілі болған. Ал 200 мыңнан ас­тамы бір айдан да ұзақ уақыт бойы тума-туыспен тілдеспеген. Соны ескере отырып, жалғызсыра­­­ған­дар­­­­дың жағдайын жасау үшін арнайы стратегия жасалады. Мы­са­лы, арнайы ак­терлер сая­­­­бақта не­месе аял­дамада жалғыз отырған қарттың жанына барып, жағдайын сұрап, халін біліседі екен. Британ Корольдік пош­тасының қызмет­керлері хаттар мен газеттер тарат­қан кезде жол­шыбай жалғызбасты адамдардың үйіне кіріп шығуға міндеттелген. Ол тізімді жергілікті өзін-өзі бас­қару ұйымдары жа­сайды. Сонымен бірге қоғамдық кафе, арт-алаң­қайлар не ск­вер­лерде жұмыс іс­тейді. Жал­ғызбасты қарт­тарға волонтерлер де көмегін ая­майды. Байқасақ, мұның бәрі &ndash қам­қорлық. Әрине, бізде де әкім­діктер тарапынан ұйымдас­тыры­латын ойын-сауық бағдарламалары бар. Бірақ соларда қарттар қан­­шалықты қамтылды? Қан­шалықты оң әсер берді? Мә­селе шешіліп жатыр ма? Белгісіз&hellip Бізде сапалы зейнет­керлікке не кедергі? Мем­лекет кінәлі ме, әлде өзімізде қа­лып­тасқан көзқарас па?

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста