Зейнеткердің сауалы

Диқандарға 375 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізіледі

  • Диқандарға 375 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізіледі

    Диқандарға 375 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізіледі

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін 375 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, өңірлерге дизель отынын жеткізу кестесін бекіттік. Оның көлемі 375 мың тонна көлемінде белгіленіп отыр. Заңмен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қажет дизель отынын тиеп, жөнелту басымдық ретінде қарастырылған», - деді Әсет Мағауов. Вице-министрдің атап өтуінше, заңнамамен дизель отынының бағасын төмендету қарастырылмаған. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге дизель отынының 1 тоннасы мұнай базаларынан 127 мың теңгеден босатылады. Дегенмен, тасымалдау және сақтау шығындарын қоса алғанда ол өңірлерге литріне 117-127 теңгеден жеткізілетін болады. Ал жанармай құю стансаларындағы дизель отынының 1 литрінің бағасы 131 теңгені құрайды. «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жеткізілетін дизель отынының 79 мың тоннасын Атырау мұнай өңдеу зауыты, 233 мың тоннасын Павлодар мұнай-химия зауыты және 63 мың тоннасын Шымкент мұнай зауыты бөледі», - деді ол




Көрілген: 1153    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.04.2017, 16:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31