Зейнеткердің сауалы

ЭКСПО-ға дейін немесе кейін: Үйді қашан сатып алу тиімді?

  • ЭКСПО-ға дейін немесе кейін: Үйді қашан сатып алу тиімді?

    ЭКСПО-ға дейін немесе кейін: Үйді қашан сатып алу тиімді?

Астанадан пәтерді қазір сатып алған дұрыс па, әлде EXPO-2017 көрмесінің аяқталғанын күткен жөн бе? Осы сұрақты Tengrinews.kz тілшісі жылжымайтын мүлік нарығындағы сарапшыларға қойды.


Smart Realtor жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Инна Фролова көрмеге қатысты жылжымайтын мүлік нарығында көптеген өзгеріс болады деген ойлар болғанын айтады. Бірақ оның ешқайсысы дәл келмеген, тек тәулікке берілетін пәтерді жалға алу қымбаттаған. Оның айтуынша, қазір баспана иелері белсенді және бағасын түсіруге дайын. Бұл сұраныстың артуына байланысты болып отыр. "Қазір бәрі сатып алушының еркінде, әсіресе, қолма-қол ақшасы болса. EXPO үшін Астанада пәтер қымбаттады деп айта алмаймын. Қазіргі кезде сұраныстың артқаны байқалып оыр. Қазақстанның аймақтарынан келген адамдар келіп, қарап, ойланып жатыр. EXPO қарсаңында, ол аяқталғаннан кейін де аса бір өзгеріс болмайды деген ойдамыз. Дегенмен қазір нарық Астананың ауа райы сияқты, өте құбылмалы", - дейді сарапшы. "Smart Realtor" егнттігінің директоры Астанада жылжымайтын мүлік екі жылдан кейін, нысандар құрылысының аздығынан қымбаттауы мүмкін екенін айтады. "EXPO алдында пайдалануға берілген нысандар көп болды. Нысандардың артуы әрине әсер етіп жатыр. Осы себепті бағаға келісу мүмкін болды. 2018 жылы пайдалануға берілетін нысандар көп емес. Бұл жаңа пәтерлер саны азаятынын білдіреді. Яғни қазіргі пәтерлер сатылып, олардың орнына жаңалары салынбаса, бұл бағаның өсуіне әкеледі", - деп ойын айтты Фролова. Ал "Этажи" риэлторлық компаниясының директоры Жани Тұрысов EXPO-2017 көрмесінен кейін пәтер бағасы құлдырайды деген сыбыстың негізсіз екенін айтады. Оның сөзінше, мұндай жолмен қазақстандықтар алдағы мерекелерде Астанға келіп, көркіне тамсанып, пәтер алуды ұйғарады. Осыған байланысты жылжымайтын мүлік нарығында дефицит туындайды деп те болжай салуға болады. "Егер қазіргі жағдайға қатысты айтсақ, сатып алушылардың екі түрі бар: пәтерді дәл қазір қажет ететіндер және күтуге дайын сатып алуышылар. Пәтерді жақын арада қажет ететіндер үшін қолайлы уақыт биылғы жаз, өйткені пәтер иелерінің біразы пәтерлердің бағасы құлдырайды деген негізсіз сыбысқа сеніп, бағаны түсіруі мүмкін. Ал бағалар түседі деп күзге дейін күтуге дайын адамдардың әурешілігі бекер, өйткені, Астандағы пәтерлер құны биыл 5 пайыздан артық арзандамайды", - дейді Тұрысов. Сонымен бірге, Тұрысов елдегі Астанадан пәтер сатып алуға ең қолайлы уақыт - ол қыс және ол елдегі экономикалық жағдайға тәуелді емес. Бұл уақытта нарық тыныш, ешқандай дүрлігу жоқ, сатушының да, сатып алушының да ойлануға уақыты бар. Оның үстіне Астанадағы пәтердің жылы ма, жоқ па қыста байқау оңай болатынын айтады. "Этажи" риэлторлық компания филиалының директоры көрменің Астанадағы пәтер бағасына әсері тым асыра айтылғандығын атап өтті. "Бағалар өсімі мардымсыз - 2-3 пайыз. Жыл басымен салыстырғанда. Бұған себеп көрменің өтуі деп есептемеймін", - деп аяқтады Тұрысов.




Көрілген: 1275    Пікірлер: 0

жұма, 09.06.2017, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31