Зейнеткердің сауалы

Елімізде тағы бір банкке тықыр таянды

  • Елімізде тағы бір банкке тықыр таянды

    Елімізде тағы бір банкке тықыр таянды

Қазақстан қор биржасы өз міндеттерін уақытылы орындамағаны үшін Дельта банкты қор нарығынан шығарып тастады. Яғни, банк келісілген күні қаржысын төлей алмаған. Бірақ бұл қаржы ұйымындағы жағдай мүшкіл деген сөз емес дейді биржадағылар. Бұл туралы КТК хабарлайды.

“Биржа нарығында өз міндеттемелерін орындай алмауы ол банктің жағдайы нашарлады деген сөз емес. Оған техникалық немесе басқа да оқыс жағдайлар әсер етуі мүмкін. Әзірге банк қор нарығынан уақытша шеттетілді”, – деді “Қазақстан қор биржасы” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская.


Дельта банк былтыр күзде де Казинвестбанкпен бірге уақытша лицензиясынан айырылған болатын. Казинвсетбанк сол тығырықтан шыға алмай ақыры жабылып тынды. Ал Дельта банк желтоқсан айында қызметін қайта жалғастыруға Ұлттық банктен рұқсат алған.


Арада жарты жыл өтпей жатып енді қор нарығынан шығарылып отыр. Дегенмен, сарапшылар банк салымшылары үшін қауіп тудырарлық ештеңе жоқ дейді. Өйткені қаржы институты лицензиясынан айрылғанның өзінде елімізде депозиттерді сақтандыру қоры бар.


“Банк салымшыларының басым бөлігі – бизнесмендер. Сондықтан бұл жағдайға кәсіпкерлер ғана алаңдауы тиіс. Ал жеке салымшылар үшін аса бір қауіп төніп тұрған жоқ. Өйткені Дельта банк – депозиттерді сақтандыру қорының қатысушысы”, – деді экономикалық сарапшы Айдос Тайбекұлы. 




Көрілген: 1241    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.04.2017, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31