Зейнеткердің сауалы

Еліміздің зейнетақы жүйесінің ерекшелігі неде?

  • Еліміздің зейнетақы жүйесінің ерекшелігі неде?

    Еліміздің зейнетақы жүйесінің ерекшелігі неде?

Әр елдің зейнетақы жүйесінің өз ерекшелігі бар. Осы орайда бізде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін экологиялық қауіпті аймақтарда тұрған, Семей ядролық сынағында ядролық қару сынақтары салдарынан зардап шеккен азаматтар зейнетақыға неғұрлым ерте шығуға құқылы екені айтылған. Сондай-ақ бес балалы немесе одан көп баласы бар аналарға ертерек зейнетке шығу қарастырылған. Өз басым еліміздің зейнетақы жүйесіндегі осы артықшылықты пайдаланып ертерек зейнетке шығып отырмын. Осы секілді өзге елдердің зейнетақы жүйесіндегі ерекшеліктер туралы білгім келеді.

Рахат ӘЛІМҚЫЗЫ, Алматы қаласы


Жалғыз біздің елімізде емес, өзге елдердің де зейнетақы жүйесінде осы секілді артықшылықтар баршылық. Мәселен халқы көп қытай елінің жартысынан көбі зейнетақы алады. Бұл елде бастапқыда зейнетақы тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана берілетін. Кейін бұл заң өзгертіліп, жұмысшылар да зейнеткерлікке шығатын болды. Қазір Қытайдың зейнетақы мөлшері азаматтардың тұрғылықты жеріне байланысты. Қалада тұратындар ауылдағыларға қарағанда көбірек алады. Мемлекеттік қызметкер зейнеткерлікке шығуы үшін еңбек өтілі 15 жылдан кем болмауы жән ай сайын зейнетақы қорына жалақысынан 11% аударылған болуы керек. Оның 7%-ын жұмыс беруші, 4%-ын жұмысшы өзі аударады. Қытайдың кейбір аудандарында зейнетақы қоры өнеркәсіп ошақтарында жиналады да, кейін өздерінің қызметкерлеріне береді. Сондай-ақ АҚШ-та зейнетке шығу жасына жетпестен зейнеткерлікке шығуға болады, бірақ зейнетақы толық берілмейді. Жұмыс істейтін зейнеткердің жылдық табысы лимиттен асатын болса, оның лимиттен асқан әр долларыүшін зейнетақысынан 50 цент ұсталып қалады. Бұл азаматтың толық зейнеткерлік жасқа толған айына дейін жалғасады. Әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасына сәйкес, толық зейнеткерлік жасқа жеткен азамат зейнетке шықпай тұрып тапқан ақшасының 44%-ын алатын болады. Ресейде Декреттік демалыстың 1,5-4,5 жылы зейнеткерлікке қажетті еңбек өтіліне кіреді. Зейнетақының екі түрі бар: сақтандыру және жинақтық. Сақтандыру сомасы «Сақтандыру зейнетақысы туралы» заңымен, жинақтық зейнетақы мөлшері «Жинақтық зейнетақы туралы» заңмен реттеледі.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 1636    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.07.2017, 12:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30