Зейнеткердің сауалы

Францияда – Эйфель мұнарасы, Астанада – Нұр әлем…

  • Францияда – Эйфель мұнарасы, Астанада – Нұр әлем…

    Францияда – Эйфель мұнарасы, Астанада – Нұр әлем…

Жұрттың бәрі жаппай оның қасында тұрып суретке түскісі келеді. Не туралы айтып тұрғанымызды сезіп тұрған боларсыз? Иә, бұл әлемдегі ең әйгілі құрылыс нысаны – Эйфель мұнарасы. Бір кездері мұнара Бүкіләлемдік технологиялық көрмеге арнап салынған уақытша нысан болатын. Осы мұнараның сценарийін Астанадағы әйнек сфера-павильон қайталай ала ма, ол ЭКСПО аяқталғаннан кейін елорданың жаңа сәулетті символы бола ала ма? Бұл сұраққа «Время» газетінің тілшілері жауап іздеп көрді.




Тарихтан белгілі, кез келген жаңа ғимарат салына бастағанда-ақ түрлі сындарға ұшырайды, бірақ сонысымен де ол жұрттың қызығушылығын тудырады, елдің назарын аударады. Оны бәрі көргсі келеді, оның айналасындағы аңыз, мифтер адамдарды өзіне магниттей тартады, әркім оны өз көзімен көруге ұмтылады

Сәулет символы қаланың бет-бейнесіне айналады. Тарих көрсеткендей, осындай көрнекіліктер арқылы елдің экономикасы, ішкі туризмі, инфраструктура дамиды, осылайша адамдардың өмір сүру деңгейі жоғарылайды.




Кезінде Эйфель мұнарасы көптеген қайшы пікірлерге қарамастан қаланың мәдени атмосферасына кірігіп кетті, ол тіпті Париждің ең әйгілі ғимаратына айналды. Мұнара – 19 ғасырдағы ұлы техникалық жетістіктердің ескерткіші. Оның құрылысына бюджеттен 7,8 миллион франк жұмсалған екен, көрме барысында-ақ онда шамамаен 2 миллион адам кіріп үлгерген, кейбіреулер оның ұшар басына дейін шыққан. Кейіннен Эйфель мұнарасы табысты бизнеске айналды: 2006 жылы мұнараға кіргендердің саны 6 719 200 болған, ал мұнара салынғаннан бастап 2007 жылдың 31 желтоқсанына дейін мұнараға бас сұққандар саны — 236 445 812 адам.

Қазақстандықтар үшін Эйфель мұнарасы секілді сәулет туындысы Астанадағы әйнек шар болуы мүмкін. Бұл ғимарат Астанада арнайы ЭКСПО көрмесі үшін салынған. Әзірге оның көлемі бойынша әлемде теңдесі жоқ. Ерекше сәулет туындысының биіктігі 100 метр және диаметрі 80 метр. Жоба авторы неміс сәулетшісі кіші Альберт ШПЕЕР-дің айтуынша, шар «мұнайдың соңғы тамшысының» символы, өйткені біз болашақ энергиясына көшеміз ғой. Сондай-ақ шар тек Қазақстан өркениетінің тарихында ғана емес, жалпы әлем тарихында ең көне әрі ықшамды форма болып саналады, ол мәңгілік пен жаңа өмірді білдіреді.

Мұндай күрделі ғимараттың құрылысы көрменің аяқталуымен тоқтап қалмайды, кейін де қызмет етеді.  Көрме аяқталған соң әйнек павильонның ішінде болашақ энергиясының музейі орналастырылады, мұнда адамзаттың ғылымдағы соңғы жетістіктері сақталады.

Осы павильон сегіз қабаттан тұрады, соңғы қабатында Астана толықтай көрінеді. Сонымен қатар көрме аяқталған соң үкімет ЭКСПО кешенін Дубай, Франфурт, Лондон, Шанхайдағы секілді қаржылық орталыққа айналдыруды жоспарлап отыр.

- Көрмеден соң кешеннің барлық нысандары пайдаға асырылады, деді «Астана - ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ.

- Ғимараттардың бір бөлігіне кеңселер орналастырылады, мұнда «Астана» қаржы орталығы болмақ. Бүгінде көрме аяқталысымен нысандардың қандай мақсатта пайдаланылатыны толық шешілді.

Франция павильонының бас комиссары Паскаль ЭКСПО-2017 көрмесінің бас ғимараты 80-метрлік шардың көрмеден кейінгі тағдыры толықтай жергілікті билікке байланысты деп санайды.

«Экспо-2017» көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысады деп жоспарланып отыр. Іс-шараға 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде. Олардың әрқайсысы әлемдегі ең үлкен шар тәріздес ғимараттың алдында селфи жасайтыны анық.
Ұйымдастырушылардың айтуынша,  билеттердің бағасы тарихтағы осындай көрмелермен салыстырғанда ең төмен: 10,5-16 евро аралығында.

P.S. Астанаға бара қалсаңыз, шар-павильонның қасында суретке түсуді ұмытпаңыз. Бұл сурет тарихи суретке айналары хақ. Осы ерекше ғимарат туристердің қызығушылығын тудырмақ.




Екатерина ТИХОНОВА, Алматы


«Время»


 




Көрілген: 3079    Пікірлер: 3

бейсенбі, 22.06.2017, 14:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30