Зейнеткердің сауалы

Газ тасымалы қуаттана түсті

  • Газ тасымалы қуаттана түсті

    Газ тасымалы қуаттана түсті

Қызылорда қаласынан 60 шақырым жерде еліміздің оңтүстігі мен газ жеткізу көзделіп отырған солтүстік өңірлерін де қажетті газбен қамтамасыз ете алатын нысанның құрылысы аяқталды. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының 944-ші шақырымында «Қараөзек» компрессорлық стансасы салынды. Қуатты агрегаттармен жабдықталған станса Қытайға табиғи отын экспортын ұлғайтуға да мүмкіндік бермек.

«Қараөзек» компрессорлық стансасы Ақтөбе облысында жуырда ғана іске қосылған «Бозой» стансасымен қатарлас жұмыс істеп, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құ­бырының өткізу қабілет­ті­лігін 15 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Екі станса да соңғы үл­гі­дегі, жоғары технологиялар не­гізінде салынған және күр­делі режім жағдайында да үздік­сіз пайдалануға арналған газ ай­дау­шы агрегаттармен және қосал­қы жабдықтармен жасақтал­ған. Айта кетерлігі, құрылыс­тың күрделілігіне қарамас­тан, «ҚазТрансГаз» АҚ осы инвес­ти­ция­лық жобаны жоспарланған мерзімінен жарты жылға ерте аяқтап отыр. Компания өкілдерінің пікі­рін­ше, құрылысты мерзімінен бұрын аяқтауға, «Қараөзек» КС салу кезінде ішкі резервтегі газ айдау қондырғыларын оң­тай­лы пайдалану арқылы қол жет­кізілген. Бұл 10 млрд теңге үнем­деуге мүмкіндік берді. Транзиттік әлеуетті ұлғай­ту­дан бөлек, «Қараөзек» ком­прес­­сорлық стансасы тағы бір ма­ңызды міндетті шешуге арналған. Оның құрылысы Қазақ­станның елордасы Аста­наны табиғи газбен жабдықтау, сондай-ақ, елдің орталық және сол­түстік өңірлерін көгілдір отын­мен қамтамасыз ету есе­бімен салынды. Газ мамандарын құрылыс жобасының сәтті аяқталуымен құттықтаған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вице-президенті Қайрат Шә­ріп­баев, іргелі құрылыс жоба­ла­рының бүкіл елдің газ тасымалы саласы үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. «Бүгінгі күні ТМД елдерінің аума­ғында «Бозой» және «Қара­өзек» компрессорлық станса­ла­рымен тең келетін инфрақұ­ры­лымдық нысан жоқ десе де болады. Бұл газ тасымалы саласының әлеуетін арттырумен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылға дейін қазақстандық нарықтың қажеттілігін толықтай отан­дық газбен қамтамасыз ету жө­ніндегі міндеттемесін шешудегі тағы бір маңызды қадам», деген пікірін білдірді.


Ертілеу ШАХМҰРАТҰЛЫ


egemen.kz


 




Көрілген: 1281    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.05.2017, 13:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31