Зейнеткердің сауалы

Жалдамалы баспана енді халықтың екі санатына ғана беріледі

  • Жалдамалы баспана енді халықтың екі санатына ғана беріледі

    Жалдамалы баспана енді халықтың екі санатына ғана беріледі

 Елімізде “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында алдағы 15 жылда сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы және кредиттік баспана салынады.

Жалдамалы тұрғын үй мүгедектер мен жетім балаларға ғана берілетін болады. Ал қалған азаматтар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік баспана алу мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Елімізде бірнеше жыл бойы алдымен өңірлерді дамыту, одан кейін “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында сатып алу құқығымен жалдамалы үйлер салынды. Бұл үйлердің барлығы биылғы жылдың соңына дейін түгел тапсырылып, азаматтарға он бес жылға жалға беріледі. Осы уақытта олар баспананы мерзімінен бұрын сатып ала алады. Әуелі алғашқы бес жылда тұрғындар жалдап отырған үйін меншігіне ала алмайтын еді, енді “Нұрлы жер” бағдарламасына тиісті өзгертулер енгізіліп, баспананы сатып алу құқығына ие болды. Ал биылғы жылдан бастап “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы баспана салына бастайды.


Қаражат республикалық бюджеттен тікелей жергілікті атқарушы органдарға бөлінбек. Бірақ бұл үйлер бірінші санаттағы мүгедектер мен жетім балаларға ғана қарастырылған. Бар болғаны олар 500-600 теңге көлемінде эксплуатациялық шығындарды ғана өтейді. Жалпы, республика бойынша жыл сайын 3 мың пәтерден 15 жылда 45 мың пәтер тапсырылмақшы. Ал қалған санаттағы азаматтар үшін кредиттік баспана салынады. Бұл үйлер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы беріледі. Бағдарламаға жауапты министрлік өкілінің айтуынша, кредиттік тұрғын үйдің бағасы нарықтағыдан әлдеқайда арзан болады.


“Енді 25 жасқа, 35 жасқа, жас отбасыларға деген бөліну болмайды. Төлеу мүмкіншілігі бар және төлеу мүмкіншілігі жоқ азаматтар деп қарастырылады. Төлеу мүмкіншілігі жоқ азаматтар үшін жалға берілетін, бірақ сатылмайтын үйлер, ал төлеу мүмкіншілігі бар тұрғындар үшін кредиттік баспана салынады. Бүкіл өңірлерде кредиттік баспананың шаршы метрі 140 мың, тек Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында ғана 180 мың теңге болады. Бұл арзан, нарықтағы баға бұдан жоғары. Мемлекеттің көмегі осы”, — деп атап өтті мәжілісте өткен отырыста ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.


Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар үшін тағы бір жеңілдік көзделіп отыр. “Екінші, пәтер алу үшін жинау қажет қаражаттың сомасын 50 пайыздан 30 пайызға дейін түсірді. Тағы да “Нұрлы жерге” өзгеріс енгізіп, мемлекеттік бағдарлама бойынша 15 пайызға дейін түсіруді қарастырып жатырмыз”, — деді ол. Бұл бағыт бойынша елімізде 15 жылда шамамен 285 мың отбасы баспаналы болады.


Айтпақшы, “Нұрлы жер” бағдарламасында баспаналы болудың басқа да жолдары бар. Мәселен, азаматтарға бүкіл инфрақұрылымы тартылған жер учаскелері бөлінеді. Бұдан бөлек, жеңілдетілген ипотека қарастырылған. Яғни, банктің пайыздық мөлшерлемесінің жеті пайызын мемлекет өтейді. Дәл осындай мүмкіндік құрылыс компанияларына да жасалмақшы. Осы жұмыстардың нәтижесінде 15 жылда 1,5 миллион отбасы баспаналы болады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі күні елімізде 2,5 миллион адам баспанаға мұқтаж. 1 млн 300 адам 10 сотық жер алуға, 428 мыңнан астам адам әкімдіктерде кезекте тұр. Ал 800 мың адам — тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы.


 




Көрілген: 1585    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.05.2017, 18:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30