Зейнеткердің сауалы

Жаңғыртылмалы энергия көздері – елге инвестиция тартудың жақсы мүмкіндігі – Роберт Рандрианирина

  • Жаңғыртылмалы энергия көздері – елге инвестиция тартудың жақсы мүмкіндігі – Роберт Рандрианирина

    Жаңғыртылмалы энергия көздері – елге инвестиция тартудың жақсы мүмкіндігі – Роберт Рандрианирина

Жаңғыртылмалы энергия көздері Мадагаскардың дамуы үшін үлкен потенциалға ие. Бұл туралы Халықаралық ЭКСПО-2017 Көрмесі аясында Мадагаскардың Ұлттық күндерін атап өту барысында Мадагаскар Республикасының жастар ісі және спорт министрі Роберт Рандрианирина айтты. Өзінің баяндамасында ол жаңғыртылмалы энергия көздері елге инвестиция тартудың жақсы мүмкіндігі екендігін атап өтті.


«Жаңғыртылмалы энергия көздерінің потенциалы өте жоғары. Күн энергиясы туралы айтсақ, оның күші 2000 кВт/м2, өңірлердің басым көпшілігінде күн жылына 2800 сағат жарқырап тұрады. Жел энергиясының потенциалы да зор. Желдің күші 3 м/сек-тан 25 м/сек-қа дейін жетеді. Осы лимитке сәйкес энергия аралдың солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында өндіріледі. Жаңғыртылмалы энергия көздерін сәтті дамыту үшін бұл потенциал Мадагаскарда оңай қолданылады», – дейді Роберт Рандрианирина. 




Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің Жауапты хатшысы Жанат Қожахметов атап өткендей, Көрмеге қатысушылардың жаңғыртылмалы энергия көздерін дамытудың әлемдік тенденцияларымен танысуға мүмкіндігі бар.




«Көрменің тақырыбы өте өзекті, болашақ энергиясына арналған. Бір жағынан, Көрмеге қатысушылар жаңғыртылмалы энергия көздері мен жасыл экономиканы дамытудың әлемдік тенденцияларымен таныса алады», - деді Жанат Қожахметов.




Айта кетейік, Мадагаскар павильонының концепциясы елдің энергетикалық потенциалын ашады. Мұнда күн және жел энергетикасын тиімді пайдаланудың жаңа технологиялары таныстырылады.




***

Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 2013 жылдың 15 қаңтарында Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жасау үшін және өткізу үшін құрылды.




Қосымша ақпарат алу үшін Қоғаммен байланыс департаментіне хабарласуыңызға болады:: тел.: +7(7172)938785, e-mail: mediacenter@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com


 




Көрілген: 1678    Пікірлер: 4

жұма, 30.06.2017, 18:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30