Зейнеткердің сауалы

Жыл басынан бері 80 миллион теңге қайтарылды - БЖЗҚ

  • Жыл басынан бері 80 миллион теңге қайтарылды - БЖЗҚ

    Жыл басынан бері 80 миллион теңге қайтарылды - БЖЗҚ

Жұрттың кәрілікке деп жиған қаржысы шетел асып жатыр! Зейнетақы қоры миллардтарды өзге елдерге инвестиция ретінде құюын жалғастыруда. Тек бір айда 83 миллиард теңге айналымға шығарылған. Инвестицияның қыруар табыс әкелетініне қор басшылығы бұл жолы бек сенімді. Бірақ, Әзірбайжан банкіндегі жағдайдан кейін жұрттың сеніміне селкеу түскені аян. Оның үстіне, жыл басында талан-таражға түскен 5 млрд-тың жайы да нақтыланар емес. Тергеудің аяқталмауына байланысты, сол басшыларды абақтыда ұстай мерзімі тағы ұзартылып отыр.


83 миллиард теңге! Бұл тек мамырда шетел асқан зейнетақы активтерінің құны. АҚШ ақшасына шаққанда 265 миллион доллар өзге елдің қаржы ұйымдарына инвестиция ретінде құйылған. Осылайша, қазір жалпы соммасы 316 миллиард теңге шетелде айналыста жүр. Шетелдегі активтерге құйылған әр тиынға, Әзірбайжан банкіндегі жағдайдан кейін барлығы алаңдайды. Тек, зейнетақы қорындағылар өздеріне сенімді.


Сәуле Егеубаева, «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» басқарма төрайымының орынбасары:


- Қор қаржысы құйылған шетелдік банктер – несиелік рейтингі жоғары ұйымдар. Сондықтан, оларға шүбәсіз сенуге болады.


Қазір салымшыларды бұлай құр сөзбен сендіру қиын. Өйткені, Әзірбайжан банкіне құйылып, қайтарылмай қалған 71 миллиард теңгеден бөлек, тағы 45 миллиардтың тағдыры қыл үстінде тұр екен. Бұл қордың проблемалық активтері.


Сәуле Егеубаева, «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» басқарма төрайымының орынбасары:


- 45 миллиард проблемалық активтер жеке зейнетақы қорларынан мұра ретінде қалған. Біз қазір сол 21 эмитентпен жұмыс істеп жатырмыз. Олар қарыздарын уақытылы төлеп келеді. Жыл басынан бері 80 миллион теңге қайтарылды. Жоспар бойынша, 2021 жылға дейін қарыз толық өтеледі.


Биылғы инвестициялық табыс та мардымсыз. Оған инфляция деңгейі кері әсер етіпті. Дегенмен, қордың жағымды жаңалықтары да жоқ емес. Бүгін олар жинақтың 7 триллион теңгеден асқанын мақтанышпен жеткізді.


Жыл басында қордағы тағы 5 миллиард теңгенің мақсатсыз жұмсалғаны анықталған болатын. Бүгін сол халықтың ақшасын жөн-жосықсыз жұмсағандарды қамау мерзімі ұзартылды. Өйткені, «Бузгул-Аурум» компаниясының құнды қағаздарын сатып аламыз деп, басы бәлеге қалған қор басшысы Руслан Ерденаев пен оның сыбайластарына қатысты тергеу әлі аяқталар емес. Соңғы кездері басынан дау арылмаған зейнетақы қоры азаматтармен қарым-қатынасын жақсартуға барынша тырысуда. Ол үшін жуырда ашық есік күнін өткізбек. Айтпақшы, қазір мекеме онлайн қызмет көрсетуді дамытып жатыр. Енді шот ашу, зейнетақы төлемдерін тағайындау сияқты жұмыстарды электронды түрде жүзеге асыруға болады.


КТК


 




Көрілген: 1445    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.06.2017, 13:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30