Зейнеткердің сауалы

Қазақстан мен Сауд Арабия королдігі арасында бірқатар энергетикалық келісімдер жасалды

  • Қазақстан мен Сауд Арабия королдігі арасында бірқатар энергетикалық келісімдер жасалды

    Қазақстан мен Сауд Арабия королдігі арасында бірқатар энергетикалық келісімдер жасалды

Астанада Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид Абдулазиз Аль Фалихпен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.kz.


Министрлер кездесуі Қазақстан және Сауд Арабиясы Мемлекет басшылары арасындағы Эр-Риядта 2016 жылдың 24-25 қазанындағы қол жеткізілген уағдаластықтар аясында өтті.


Кездесу барысында «Біріккен химиялық компания» ЖШС (химия саласы бөлігінде үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның операторы) және «SABIC» ((Saudi Basic Industries Corporation) – химия және металлургия өнеркәсібінде мамандандырылған жария акционерлік компаниясы. Әлемнің ірі мұнай-химия компанияларының бестігіне кіреді, Сауд Арабиясы Корольдігі) компаниялары арасында екі жақты Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Көрсетілген құжат Қазақстандағы полиэтилен, полипропилен және метанол өндіру бойынша жобалардың іске асырылу мүмкіндіктерін зерделеуде негіз қалаушы болып табылады. Меморандумға «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Жеңіс Өсербай және «SABIC» компаниясының Бас директоры Юсеф Аль-Беньян қол қойды.


Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қ. Бозымбаев кездесуде барысында екі жақты келісімнің маңыздылығын атап өтті.


«Меморандумға қол қою мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың жақсы үлгісі болып табылады. «SABIC» компаниясының тәжірибесі әлемдік үрдісті ескере отырып, мұнай-химия жобаларын іске асырудың тиімді моделін дайындауға көмектесетіндігіне сенім мол» - деді Бозымбаев.


Көрсетілген жобаларды Атырау облысындағы мұнай-химия аймағында іске асыру жоспарлануда. Осы аумақта салықтық, кеден және басқа да жеңілдіктер көздейтін арнайы құқықтық режим қарастырылған.

Ескерту!


Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.


 




Көрілген: 1513    Пікірлер: 0

сенбі, 10.06.2017, 16:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30