Зейнеткердің сауалы

Қазақстанда ақылы жолдармен жүру құны қанша болатыны айтылды

  • Қазақстанда ақылы жолдармен жүру құны қанша болатыны айтылды

    Қазақстанда ақылы жолдармен жүру құны қанша болатыны айтылды

ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі Қазақстанда ақылы жолдармен жүру құны қанша болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"2013 жылдан бері бізде тек Астана - Щучинск жолы ғана ақылы, оның ұзындығы 217 шақырым. Онда жеңіл көлік үшін шақырымына 1 теңге құн белгіленген. Өзге ақылы жолдарда бұл бағаны көтермейміз. Бұл айтарлықтай арзан және көлік иелері үшін ауыр болмайды деп ойлаймын. Жолды қалыпта ұстау барлық нормативтер бойынша жүреді. Біздің көлік саласы қызметкерлерінің зерттеуі бойынша сапалы жолмен жүргенде жанармай да үнемделеді. Ал жанармай бағасы әлдеқайда қымбат", - дейді Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихаты кезінде Роман Скляр.


Ол 2020 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың 6 000 шақырым бөлігі ақылы болатынын еске салды. Осы арқылы жылына 30 миллиард теңге жиналады деп жоспарланып отыр.


2017 жылы Астана - Теміртау және Алматы - Қапшағай жолдары ақылы болып, оның қаржысы бюджетке түседі. Алматы - Қорғас тас жолынан алынатын ақы Әлем банкінің қарызын өтеуге жұмсалады. Ақылы жол жүйесі қараша айынан бастап тесттік режимде іске қосылады.


"Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017 жылы 4,4 мың шақырым жолға жөндеу жүргізіліп, жұмысқа 100 мың адам тартылады деп жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 600 шақырым жол пайдалануға беріледі. Бюджет қаржысына жалпы ұзақтығы 1 мың шақырым жолды қамтитын сегіз жоба іске асырылатын болады.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-akyilyi-joldarmen-juru-kunyi-kansha-bolatyinyi-277550/

Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз. 




Көрілген: 1234    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.02.2017, 14:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30