Зейнеткердің сауалы

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7 триллион теңгеге жетті

  • Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7 триллион теңгеге жетті

    Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7 триллион теңгеге жетті

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7 триллион теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.


2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,99 трлн. теңге болды және жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 309,6 миллиард теңгеге (4,6 пайыз) өсті. Ал 2 маусымда қазақстандықтардың зейнетақы активтері 7 триллион теңгеден асты. 2017 жылдың 5 айы ішінде зейнетақы жарналарының сомасы 300,6 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар 2017 жылдың 5 айы ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің орташа айлық мөлшері 57 миллиардтан аса теңгені құрады. "2017 жылғы қаңтар - мамыр айларында БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы 106,03 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 24 пайызға жоғары (85,5 миллиард теңге). Бұл ретте жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінің 73,8 пайызы (немесе 78,3 миллиард теңге) зейнеткерлік жасқа толуға байланысты төлемдерді құрады, 1,5 пайызы (1,6 миллиард теңге) - мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген 1 және 2 топтардағы мүгедектерге; ал 6,9 пайызы (7,3 миллиард теңге) - ҚР шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төленді; 8 пайызы болса (8,4 миллиард теңге) - мұрагерлерге төленген төлемдер; 9,8 пайызы (10,4 миллиард теңге) - сақтандыру ұйымдарына аударылған зейнетақы жинақтарының сомасы", - деп хабарлады баспасөз орталығындағылар. Қарастырылып отырған кезең ішінде жеке зейнетақы шоттары санының таза өсімі 14,4 мың шотты құрады, оның ішінде 154 мыңдай ЖЗШ ашылса, 140 мың ЖЗШ жабылды. Осылайша, 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,06 миллион бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттардың саны 9,6 миллион бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 429 мың бірлікті құрады. Ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39 мың бірлік болды. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 114,4 миллиард теңге болды. "Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бірінен, сондай-ақ пошта байланысы, электрондық пошта, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 2017 жылдың 5 айы ішінде БЖЗҚ-ның дербес қызмет көрсету орталықтарында шамамен 3 млн. операция жасалды, яғни күн сайын БЖЗҚ кеңселерінде тұрғындарға қызмет көрсету аясында 25 мыңдай операция жасалады деген сөз. Олардың ішінде МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ бойынша ЖЗШ ашу үшін 153,6 мың өтініш, төлемдерді рәсімдеу бойынша 131,7 мың өтініш қабыланды, 782,6 мың мыңнан астам үзінді-көшірме берілді, ақпарат беру тәсілін айқындау/өзгерту бойынша 585,5 мың келісім рәсімделді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Соңғы уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілінің танымалдығы артып жатыр. Күні бүгінге дейін 754,5 мың адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу бойынша "электрондық пошта арқылы" тәсілін таңдаған. Ал 3,3 миллионнан астам адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған "ENPF" ұялы қосымшасын пайдаланады. Салыстырар болсақ, 2014 жылдың шілдесінде (жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан активтер мен міндеттемелерді, сондай-ақ салымшылар туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға қабылдау үдерісі аяқталған соң) интернет-хабарландыру тәсілін таңдағандардың саны бар-жоғы 334,8 мың адамды құраған болатын. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 1,08 миллион адамға дейін өсті, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша - 2,66 миллион. адам. Осылайша, биылғы жылдың басынан бері 640 мыңнан астам адам ақпарат алудың осы бір ыңғайлы да жедел түрін таңдады. 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 797,4 мың болды. Жыл басынан бері жүктеп алу саны 287,7 мыңға дерлік көбейді немесе 56 пайызға артты. Одан басқа, 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру" қызметі арқылы электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 512 мыңнан астам үзінді-көшірме берілген. Салыстыратын болсақ, осы портал арқылы ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша 352 мың үзінді-көшірме берілген еді. "Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы "Кері байланыс" нысаны, "онлайн-чат", "Төрайымның Блогы" және "Қоғамдық қабылдау" арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады", - деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз орталығындағылар.




Көрілген: 1100    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.06.2017, 14:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31