Зейнеткердің сауалы

Қазақстанды кезең-кезеңмен келетін девальвация күтіп тұр — сарапшы

  • Қазақстанды кезең-кезеңмен келетін девальвация күтіп тұр — сарапшы

    Қазақстанды кезең-кезеңмен келетін девальвация күтіп тұр — сарапшы

 Экономика сарапшысы Игорь Киндоп «Саясат» порталына берген сұқбатында мұнай бағасының өсуі Қазақстан мен Ресейдің қаржы нарықтарын тұрақтылықпен қамтамасыз ете алмайтынын айтыпты.


«АҚШ түшкірсе, басқалардың барлығы қалтырап, ауыра бастайды деген түсінік бар. Дегенмен Трамптың бірбеткей саясаты экономикаға өзгеріс әкеле қоюы екіталай…


Қалай дегенмен де Қазақстан да, Ресей де мұнайдан түсетін табысқа тәуелді мемлекеттер. Олар ел экономикасын әртараптандыру үшін ешнәрсе жасап жатқан жоқ.

Әрине, Трамп ұстанған саясат халықаралық нарықтағы мұнай бағасын өсіреді, бірақ бұл АҚШ шығанағында өндіріліп жатқан тақта тастан (сланцы) алынатын мұнайды өткізу үшін жасалған қарекет. Сондықтан тағы да біздің мұнай экспортымыз шектеліп қалмақ.


Жалпы, соңғы 25 жылда Қазақстан мұнай бағасының өсімі мен мұнайды көптеп игеру арқылы көптеген мәселесін шешіп алды. Бірақ әлем бір орнында тұрмайды ғой, қазір ол заман жоқ. Бұрын нарыққа мұнай жеткізушілер қатары сирек еді. Ал қазір, керісінше. Қазір нарықта сұраныс пен ұсыныс әрең теңесіп тұр. Қазақстан, әдеттегідей мұнай өндіру көлемін арттыруы мүмкін, бірақ бұл нарықтағы бағаның арзандауына әкеліп соғады. Саясаткерлер мұнай өндіруді арттырсақ, мәселе шешіледі деп жаман үйреніп алған. Алайда бұл тәсіл де құтқарушы рөлін жойған.


Мамандар таяу 5 жылда бізге тиімді деген, яғни мұнайдың бір баррелі 90-100 доллар болуы екіталай деп болжам жасайды.


Сондықтан қазіргі экономикалық бағытқа ары қарай сүйене берсе, онда Қазақстанды кезең-кезеңмен орын алатын девальвация күтіп тұр деп болжам жасауға болады. Бұл — Қазақстан экономикасындағы жаттанды құбылыс.

Мұнайдан түскен ақша, арзан импорт және ішкі өндірістің жоқтығы сынды экономикалық саясаттың әкеп тірейтін ақыры осылай болады өзі. Оны аңғаруға керемет бастың да керегі жоқ.


Еске сала кетелік, Қазақстанда WhatsApp желісі арқылы Сбербанктің құжаты тарап, онда осы жылдың 15 ақпанындағы шетел валюталарының болашақ курсы көрсетілген. Атап айтқанда, банк құжатында 1 доллардың құны 410 теңге, ал 1 евро 440 теңге деп болжанып беріледі. Банк өз кезегінде мұның еліміздің валюта бағамына еш қатысы жоқтығын, ойша есептелген жәй болжам ретіндегі ішкі құжат екенін мәлімдеді.


 


kaz.365info.kz




Көрілген: 1902    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.02.2017, 15:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31