Зейнеткердің сауалы

Қазақстанның халқы 18 миллионға жетті

  • Қазақстанның халқы 18 миллионға жетті

    Қазақстанның халқы 18 миллионға жетті

 Қазақстан халқының саны 18 миллиондық межеге жетті. Бұл туралы ҚР үкіметінде баспасөз мәслихатын өткізген ҚР ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов айтып берді.




Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.


“Бізде 18 миллион халық бар. Өңірлер бойынша біз біраздан бері мәліметтерді жарияламаған едік. Негізінде санау әр он жыл сайын жүргізіледі, бірақ ол туралы ақпарат тұрақты түрде жинақталып отырады”, – деді ол.


“Біз сонымен қатар, туу, өлім көрсеткіштерін есепке алып отырамыз. Келесі айда онлайн-есептегіш орнатсақ па деп отырмыз. Ол арқылы адамдар халық санының қанша болғандығын өздері біліп отырады”, – деп атап өтті Даленов.


ҚР ҰЭМ статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов бұдан да нақтырақ деректерді келтірді.


“Бізде 1 мамыр күні 17 млн 994 мың адам болды. Жалпы, бір жылда 241 мың адамға көбейген. Руслан Ерболатұлының сөзіне келетін болсақ, біз әлі 18 миллионды байқамадық, бірақ, 1 мамырда 17 млн 994 мың болса, онда мамыр айында Қазақстанда халық саны тағы да артуы тиіс”, – деді ол.


Zakon.kz




Көрілген: 1457    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.06.2017, 09:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30