Зейнеткердің сауалы

Кімдер зейнетақы қорындағы ақшасын толық алуға құқылы?

  • Кімдер зейнетақы қорындағы ақшасын толық алуға құқылы?

    Кімдер зейнетақы қорындағы ақшасын толық алуға құқылы?

 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлеу тәртібі өзгереді. Оtyrar.kz арнасындағы "Жаңа күн" бағдарламасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы ОҚО филалының бөлім басшысы Әбдімұрат Исабаев зейнетақы қорындағы ақшаны кімдердің толық алуға құқы бар екенін айтты.


 


Әбдімұрат Исабаев заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 31 мың 242 теңгені құрайтынын атап өтті. Ал жоғары зейнетақы ол орталықтан тағайындалады, яғни 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жарты жыл және одан да жоғары еңбек өтілі есептеледі және соңғы үш жылғы табысының көлеміне байланысты зейнетақы тағайындалады.

"2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлеу тәртібі өзгереді. Қазіргі таңда барлық азаматқа базалық зейнетақы 14 466 теңге төленетін болса, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы ол ең төменгі күнкөріс деңгейі болып есептелінеді, соның 54 пайызы 10 жылға дейін еңбек өтілі бар немесе мүлдем еңбек өтілі жоқ азаматтарға төленеді. Ал қалған 100 пайыз алу үшін өзінің еңбек өтілін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек кітапшасы арқылы дәлелдеп, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі зейнетақы жинақтаушы қорына төленіп жатқан жарналар есебінен еңбек өтілін дәлелдеу арқылы әрбір жылға 2 пайызға қосылып отырады, жаңағы 54 пайыздың үстіне әрбір жыл еңбек өтіліне 2 пайыздан қосылып 100 пайызға дейін алуға мүмкіндігі бар. Келер жылдан бастап 33 жылдан жоғары еңбек өтілі бар азаматтар базалық зейнетақыны толық алуға мүмкіндігі болады", — деп түсіндірді ол.


Бөлім басшысы 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту мәселесі жайлы толығырақ айтып берді.


 


"Бұл заң нормасына 2013 жылы өзгерістер енгізілді. Ол 2014 жылы күшіне енуі тиіс болатын. Алайда Елбасымыз Н. Назарбаев 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстырды. Келер жылдан бастап әйел азаматтар үшін бірқатар өзгеріс болады. Яғни, 2018 жылдан бастап әйел азаматтардың жасы жарты жылдан ұлғайып отырады. Сөйтіп 2027 жылға дейін 10 жыл көлемінде әйелдер 63 жастан бастап зейнеткерлікке шығады", — деді ол.

Исабаев "Кімдер зейнетақыны біржолата ала алады?" деген сұраққа да жауап берді.


"Биыл шыққан азаматтарымыз зейнетақы қорындағы ақшасын біржолата алуға өтініш беретін болса, жиналған сомасына байланысты алады. Бірінші, екінші топтағы мүгедек азаматтар егер де мүгедектігі мерзімсіз болса, онда олар да өтініш тапсырып, зейнетақы қорындағы ақшасын алуға мүмкіндігі бар", — деп түйіндеді ол.


Айта кетейік, бұған дейін "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметінің маманы Жаппарберген Айбота да зейнетақы төлеу тәртібіндегі өзгерістерді түсіндірген еді.

Оның айтуынша, егер қазір зейнетақы төлемдері алушының қалауына қарай ай, тоқсан және жыл сайын берілетін болса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тек ай сайын ғана төленеді. Сонымен қатар, зейнетке шыққан адамның жинағы ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен, яғни 374 940 теңгеден аспаса, аталған соманы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан тұтастай алуға болады.


putniknews.kz




Көрілген: 6959    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.12.2017, 15:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31