Зейнеткердің сауалы

ҚР Ұлттық банкі 500 теңгелік жаңа купюраны таныстырды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ұлттық банкі бүгіннен бастап 500 теңгелік жаңа купюраны айналымға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл - «Қазақ елi» сериясы бойынша шыққан алтыншы купюра. Қағаз ақшаның дизайны бұрынырақ шыққан жоғары номиналды ақшалардың дизайнына сəйкес. Ақшаның бір бетінде Қазақ елі монументі мен көгершіндер бейнеленген. Екінші бетінде Каспий теңізі бейнеленген. Түс реңі өзгермеген.


"Ақшадағы жазу кириллица қарпімен басылған. Себебі, дизайн бойынша жұмыстар 2015 жылы жүргізілген. Купюраны басып шығару - ұзақ жүретін процесс",- деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.


Ескі дизайндағы 500 теңгелік ақша 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін айналымда жүреді. Мерзім жеткен соң купюра айналымнан алынады.


 




Көрілген: 6090    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.11.2017, 13:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30