Зейнеткердің сауалы

Министр дәрі-дәрмектің неге қымбаттап кеткенін түсіндірді

  • Министр дәрі-дәрмектің неге қымбаттап кеткенін түсіндірді

    Министр дәрі-дәрмектің неге қымбаттап кеткенін түсіндірді

Елімізде дәрі-дәрмектің 70%-дан астамы шетелден әкелінеді. Ал оның бағасы шетелдік валюта бағамына тәуелді. Сондықтан дәрінің бағасы кейде өседі, кейде төмендейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz.

«Әр мемлекетте жыл сайын инфляция болады. Өкінішке қарай, осы жағдай дәрі-дәрмек бағасына әсер етеді. Қазіргі таңда еліміздегі дәрі-дәрмектің басым бөлігі, яғни 70%-дан астамы шетелден әкелінеді. Сондықтан оның бағасы шетелдік валюта бағамына тәуелді. Осыған сәйкес, дәрінің бағасы кейбір жағдайда төмендейді, ал кейде өсіп кетеді», - деді министр.


Сонымен қатар, Елжан Біртанов еліміздегі дәріхана сөрелерінде тұрған 4 мыңнан астам дәрінің қымбаттамайтынын алға тартты.


«Қазақстанда 7 700-ден астам дәрі-дәрмек тіркелген. Оның ішінде 4 мыңнан астам дәрінің бағасын біз бекіттік. Оның бағасы өспейді», - деді ол.


Алайда, министр жекеменшік дәріханаларда бағасы еселеніп сатылып жатқан дәрілерге қатысты мәселені шешу күрделі екендігін атап өтті.


«Бірақ, жекеменшік дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмектің бағасына қатысты жұмыстарды біз әлі бастаған жоқпыз. Елбасының тапсырмасына сәйкес, біз осы жылдан бастап, заңдық-құқықтық актіні дайындап жатырмыз. Биыл денсаулық сақтау саласындағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, біз жекеменшік дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмектің бағасын бекіте алатын боламыз. Осы жылдың аяғына дейін осы жұмысты аяқтап, әрі қарай дәрі-дәрмектің бағасын бекітеміз. Кейін оның бағасын өсіру қиынға түседі», - деп түйіндеді сөзін Елжан Біртанов. 




Көрілген: 1318    Пікірлер: 0

жұма, 24.03.2017, 15:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30