Зейнеткердің сауалы

Мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлем жайлы білгім келеді

  • Мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлем жайлы білгім келеді

    Мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлем жайлы білгім келеді

2017 жылдың 29 мамырында мемлекеттік әлеуметтік сараптамадан (қайта өту) өттім.Арада 7 жүмыс күні өтті,egov.kz сайты арқылы күнделікті қарап отырмын,маған осы уақытқа дейін Әлеуметтік жәрдемақы,арнаулы мемлекеттік жәрдемақы,жалпы еңбек ету қабілетінен айырылуына (УОТ) байланысты тиісті әлеуметтік төлемақы сомасы тағайындалған жоқ.Сақтандыру компаниясы осы аталған құжаттардың жоқтығын желеу етіп ,тиісті төлемдерді тоқтатып тастайды ма деп алаңдаймын.1411 тел.арқылы сұрағанымда әлі бізге тиісті құжаттар түскен жоқ-деді. Бұл жайлы кімнен білсем болады.


Мейрам ӘБІЛТАЕВ, 


Жауап:

Сіздің сұрағыңызға орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сауал жолдаған болатынбыз. Соған орай төмендегі жайтты хабарлаймыз.


Сәлеметсіз бе, құрметті Мейрам!


 


Медициналық-әлеуметтік сараптамадан қайта өткен анықтамаңыздың негізінде Сізге анықтамада белгіленген мерзімге, яғни 2017 жылдың 16 мамырынан 2018 жылдың 29 мамырына дейінгі аралыққа мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалды.


Сондай-ақ, еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем де осы аралыққа тағайындалып, ағымдағы жылдың шілде айының қажеттілігіне қосылғанын, сонымен қатар, Сізге тиісті төлемдердің тоқтатылмайтындығын хабарлаймыз. 




Көрілген: 1738    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.07.2017, 16:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30