Зейнеткердің сауалы

Сарапшылар доллардың 300 теңгеге дейін төмендейтіндігін болжауда

  • Сарапшылар доллардың 300 теңгеге дейін төмендейтіндігін болжауда

    Сарапшылар доллардың 300 теңгеге дейін төмендейтіндігін болжауда

 Альпари компаниясының бас сарапшысы Анна Бодрова доллардың 300 теңгеге дейін төмендейтіндігін болжауда.


«KASE-нің валюта сегментінде АҚШ долларының 300 теңгеге дейін төмен түсуі мүмкіндігі талқылануда. Мұндай болжам бар, бірақ оның жақында орын алуы нақты емес. Әзірше мұнай құны жоғары сақталып отырғанда, шикізаттық валюталар біршама қолдауға ие болуда. Баррель бағасы тұрақты деңгейден шыққан кезде, теңге деңгейі де өзгеріске ұшырайтыны анық», – деп хабарлады ол. Оның сөзіне қарағанда, валюта бағамының осы аптадағы болжамдары бейтарап қалып отыр, қолда бар үрдіс жалғасын табады деп күтілуде. АҚШ доллары 320,55-322,85 теңге аралығында саудаланса, еуро 342,50-346,50 теңге маңайында қалады. Өткен аптаны қорытындылаған сарапшы, қазақстандық валюта біршама ауытқығандығын атап өтті. Нарықтық көңіл-күйлер доллардың 324,62 теңгеге дейін көтерілуіне сеп болды. Дегенмен инвесторлар сәл саябырсып, америкалық валютаны 323,55 теңгеге түсірді. Дүйсенбі, 13 ақпандағы валюта бағамының орташа деңгейі 321,66 теңге көлемінде тіркелді. Қазақстандық валюта нығая бастады. А.Бодрованың еске салуынша, мұнай құны, күн ішіндегі тұрақсыздыққа қарамастан, барреліне $55-57,50 орташамерзімдік сауда диапазонында қалуда. «Инвесторлар Халықаралық энергетикалық агенттіктің биылғы жылдың басынан бастап мұнай өндірісінің көлемін азайтуға қатысты көрсеткіштеріне оң қабақ танытуда. Мұнай өндірісі орташа есеппен тәулігіне 1,4 млн баррельге дейін төмендеген. Бұл ОПЕК елдерінің келісімінде көрсетілген деңгеймен пара-пар. Сауда қатысушылары бұған біршама белсенді назар аударғаны байқалды, мұнай құны бірден көтерілді, алайда көп ұзамай, өзінің бұрынғы деңгейіне қайта оралды», – деп түйді сөзін А.Бодрова.




www.inform.kz




Көрілген: 1367    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.02.2017, 23:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30