Зейнеткердің сауалы

Тағайындалған зейнетақы мөлшері дұрыс па?

  • Тағайындалған зейнетақы мөлшері дұрыс па?

    Тағайындалған зейнетақы мөлшері дұрыс па?

Сәлеметсіздер ме! Маған 5 бала туып өсіріп,жасым 53-ке толуы себепті зейнетке шығып, зейнетақы тағайындалды. Бірқатар сұрақтарым бар еді. Алайда Атырау қаласындағы №2 ХҚКО барып зейнетақы мөлшерін білу үшін қойған сұрағыма зейнет кітапшасын көрсетіп,"анда бәрі жазулы" -деп қысқа жауап берді. Ол жердегі жазу шынымен маған түсініксіз. Көмектесіңіздерші...


Зайра ӘЛМҰХАНБЕТОВА, Атырау облысы


Жауап:

Сәлеметсіз бе, құрметті Зайра ханым


 


Қолданыстағы зейнетақы заңнамалары нормаларына сәйкес зейнеткерлердің зейнетақысын есептеуде негізгі көрсеткіштер азаматтардың зейнетақы есебі үшін негізгі көрсеткіштер еңбек өтілі (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін) мен тапсырған табыс мөлшері (1995 жылғы 1 қаңтардан бастап) болып табылады.


Зейнетақы төлемдері толық емес көлемде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады және мөлшері толық көлемдегі зейнетақы төлемінен ұсынылған еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.


Сіздің зейнеткерлік іс-құжаттарын талдау нәтижесінде, зейнетақы заңнамасына (5 және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге) сәйкес, 2017 жылғы 13 сәуірден бастап зейнетақы төлемі 13 жыл 2 ай еңбек өтіліңіз және 36 172,50 теңге мөлшеріндегі орташа табысыңыздың есебінен толық емес көлемде зейнетақы төлемі тағайындалғанын түсіндік.


Әлеуметтік төлемдеріңіздің жалпы мөлшері 31 333 теңгені (зейнетақы төлемі –18 531 теңге, базалық зейнетақы төлемі – 12 802 теңге ) құрайды, сәуір және мамыр айының зейнетақы мөлшерлері ағымдағы жылдың мамыр айының қажеттілігіне қосылды.


Алаш айнасы


 


 




Көрілген: 1804    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.07.2017, 14:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30