Зейнеткердің сауалы

Теңгенің нығаюы тұрғын үй нарығына жан бітіреді

  • Теңгенің нығаюы тұрғын үй нарығына жан бітіреді

    Теңгенің нығаюы тұрғын үй нарығына жан бітіреді

Homsters.kz талдау қызметі теңге одан әрі нығая түскен жағдайда Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы мәмілелердің саны ұлғаятынын болжап отыр.


Ұлттық валютаның нығая түсуі Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сатып алушылар белсенділігінің күрт артуына себеп болуы мүмкін. Өткен жылдың желтоқсанынан бері, қыс айларында доллар 9%-ға немесе 27 теңгеге, яғни долларына 341-ден 314 теңгеге дейін арзандады. Homsters.kzсарапшыларының пікірінше, теңгенің кейінгі оң динамикасына ең әуелі баспана сатып алуды бұрыннан жоспарлап, салымдарын шетел валютасымен сақтап отырғандар ерекше назар аударады.


«Валюта динамикасының ерекшелігі соншалықты, баспана бағасы оны елеп те үлгермей жатыр және мүлдем өзгермейді десе де болады. Ал баспана сатып алуды ойлап, шетел валютасымен қаражат жинағандар оның құнын жоғалта бастады, себебі үй салушылар бағаны теңгемен белгілейді, яғни, мысалы, өткен жылдың желтоқсанында есепшоттағы 50 мың доллар 17 миллион теңгеге теңелсе, қазір ол 16 миллион теңгеден аз. Солай бола тұра қыс айларында бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да бағаның айтарлықтай төмендегені байқалмаған еді», - деп түсіндіреді Homsters.kz басқарушы серіктесі Мария Рен.


Дегенмен Homsters.kz сарапшылары пәтерлер құнының төмендейтінін болжап отыр. Мария Рен «баға, әсіресе, қайталама нарықта анағұрлым өзгереді, бұл нарықта сатушылар әлі де болса шетел валютасына қарайды» деп есептейді. Құрылыс салушылар бағаны теңгемен қалыптастыруға әлдеқашан көшіп, оны дағдарыстың нағыз күшейген кезінде төмендеткендіктен жаңа үйлер нарығында шетел валютасына тәуелділік аз. Бұған қоса, олар импорт құрылыс материалдарына иек артуды азайтуға, соған сәйкес, шаршы метр бағасын валюта бағамындағы ауытқуларға тәуелді етпеуге тырысады.


«Бірқатар сарапшылардың пікірінше, ұлттық валюта осы жылдың соңына қарай долларына 290 теңгеге дейін нығаюы мүмкін. Соған байланысты жылжымайтын мүлікті дәл қазіргі кезде сатып алу жинақ қаражатты жоғалтып алмаудың жақсы амалы болар еді. Әсіресе, бұл жаңа үйлер нарығына қатысты, себебі қайталама нарықтан пәтер алудың шығындары бұл саудадан ұтуға жол бермеуі мүмкін», - дейді Мария Рен.


Анықтамалық ақпарат

Homsters.kz – жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған онлайн-сервис.Homsters.kz сатып алушыларға үздік жылжымайтын мүлік табуға және оны мейлінше тиімді сатып алуға көмектеседі. Алаңда Қазақстанның ірі қалаларында белсенді түрде саудаға шығарылған барлық тұрғын үй кешені ұсынылған. Сатып алушыларға арналған сервис өзекті бағалар мен жобалаулар туралы ақпараттан тұрады, дербес ұсыныстарды іріктеудің ақылды жүйесін ұсынады, жылжымайтын мүлік бойынша кәсіби кеңес пен ипотека рәсімдеуге көмек береді. Homsters.kz – жаңа жылжымайтын мүлік сегментіндегі онлайн-ресурстар арасындағы көшбасшы, онда қайталама нарықтағы 30 000-нан астам ұсыныстан тұратын ашық база да бар және өзінің нарықтағы позициясын нығайтып келеді. Онлайн-сервис бүгінге дейін республика бойынша 30 000-нан астам клиентке баспана іздеуге көмектесті.


 




Көрілген: 1354    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.02.2017, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30