Зейнеткердің сауалы

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне қатысты дау жалғасып жатыр

  • Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне қатысты дау жалғасып жатыр

    Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне қатысты дау жалғасып жатыр

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» (ТҚЖБ) топ-менеджері Айжан Медеуованың отбасы алған пәтерлерге қатысты даудың жай-жапсары мәлім болды. Айжан Тұрақбайқызы туған бауырына да жеңілдікпен пәтер алып берген. Бұл туралы «Время» газеті жазды.


2007 жылы Бас прокуратура тұрғын үй және жер учаскесіне қатысты заң бұзушылықтар топталған баяндама жасап, Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған.


Тұрмысқа шыққанға дейін Медеуова ханымның тегі Қалиева болған және оның 7 бауыры бар. Айжан Тұрақбайқызының інілерінің бірі мемлекет қаражатына салынған пәтердің иесі атанған.


Жаңабай Қалиев басымдық берілген баспананың иесі болуға құқы бар қазақстандықтардың тізіміне еніп, Ақтөбе қаласынан үй алған.


Ол кездері 2005-2007 жылдары тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейтін. Және басымдық берілген азаматтардың санатына баласы бар жас отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлер кірген.


Жаңабай Тұрақбайұлы ол кезде жеке фирмада жұмыс істеп, некеде тұрмаған. Сондықтан оның қалайша басымдық берілген азаматтар санатына еніп кеткені түсініксіз. Бірақ дәл осы пәтерлерді тапсыру барысында оның әпкесі Айжан ТҚЖБ-ның батыстағы бөлімшесін басқарған.


Тексеру барысында Жаңабай Қалиев өз пәтерін заңсыз жолмен алғаны белгілі болып, оның аты-жөні Бас прокуратураның баяндамасына енеді. Осыдан кейін ол жеңілдікпен алған пәтерін мемлекетке қайтаруы тиіс еді. Бірақ топ-менеджердің бауыр ол кезде үйін сатып жіберген. Және мемлекеттік органмен, ТҚЖБ-мен арадағы келіспеушіліктерді қалай шешкені белгісіз.


«Інісі туралы мағлұматтардың бұрмаланғаны» Айжан Медеуованың мансабына ешқандай кері әсерін тигізбегенін басылым маңызды жайт ретінде көрсетеді.


Біраз уақыт өткен соң оның лауазымы жоғарлап, ТҚЖБ-нің астанадағы бөлімшесін басқарады. Одан кейін Алматыға ауысып, банктің басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалады.


Нәтижесінде банктің топ-менеджері Айжан Медеуованың туысқандарына, бұрынғы күйеуін қосқанда, бір уақытта 4 пәтер рәсімделгені белгілі болды.


Бұл жерде Бас прокуратураның қатысынсыз мәселені шешу мүмкін емес дейді басылым.


Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ТҚЖБ басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуованың туысқандары мемлекеттен жеңілдікпен 3 пәтер алғаны туралы жазған едік. Және «Бәйтерек» холдингіндегілер де, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіндегілер» де мұны заң бұзушылық деп есептейді.


Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Барлыбаев үкіметтен «Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ қызметін ретке келтіруді сұраған еді.


Кейінірек, ТҚЖБ басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуова отбасы алған пәтерлер туралы дау-дамайға қатысты өз пікірін айтқан еді. 




Көрілген: 1356    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.03.2017, 15:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30