Зейнеткердің сауалы

Түркияда «Гүленмен байланысы бар» деп ұсталғандар саны мыңнан асты

  • Түркияда «Гүленмен байланысы бар» деп ұсталғандар саны мыңнан асты

    Түркияда «Гүленмен байланысы бар» деп ұсталғандар саны мыңнан асты

Түркияда 26 сәуірде АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген күдікпен ұсталған полиция қызметкерінің саны 1 мыңнан асты. Түркия билігі Гүленді өткен жылы шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп айыптайды.


Мемлекеттік Anadolu агенттігінің хабарлауынша, полиция 26 сәуірде бір мезетте Түркияның 81 провинциясында шұғыл операция жүргізіп, полиция күштерінің 1120 қызметкерін ұстады. Операцияға 8500-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.


Бұдан соң 9100-ден астам полиция қызметкері өздерінің Гүленнің қозғалысымен байланысы бар-жоғын тергеу аясында қызметтерінен уақытша шеттетілді.


Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлу ел көлемінде жүргізілген операцияны үкіметтің Гүленнің қозғалысын "күйрету" жолындағы маңызды қадам деп атады.


Ұсталғандар Гүленнің "құпия имамдар деп аталатын агенттері" болған деген сезікке іліккен. Сойлу күдіктілер "полиция қатарына еніп, оны баламалы полиция құрылымын құру арқылы сырттан басқаруға тырысқан" дейді.


Фетхулла Гүлен әскерилер басқарған бүлікке өзінің қатысы барын жоққа шығарады.


baq.kz


 


 




Көрілген: 1289    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.04.2017, 15:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30