Зейнеткердің сауалы

Ұлттық банк өкілдері теңгенің долларға қатысты бағамы неге әлсірегенін айтты

  • Ұлттық банк өкілдері теңгенің долларға қатысты бағамы неге әлсірегенін айтты

    Ұлттық банк өкілдері теңгенің долларға қатысты бағамы неге әлсірегенін айтты

Ұлттық банк өкілдері теңгенің долларға қатысты бағамы неге әлсірегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекованың айтуынша, соңғы апталарда мұнай бағасының бір баррель үшін 46 доллар деңгейге дейін және одан аз төмендеуі нарықтағы ұсыныстың болжамды артықшылығы бойынша жаңалықтар аясында орын алуда. Оның айтуынша, Ливиядағы мұнайдың ұлғайып келе жатқан өндірісі және АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірісінің өсуі туралы жаңалық нарықта ұсынысты төмендету бойынша ОПЕК шараларының табыстылығына күмәндануға мәжбүр етті. "Нарықтағы болжам бойынша, ұсыныстың артық болуы болжанғаннан гөрі ұзағырақ сақталады. Осылайша, ОПЕК келісімінің тиімділігі барынша күмән тудырады", - деп атап өтті Әлия Молдабекова. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық валютаның әлсіреуі Қазақстанда ғана емес, экономикасы ұқсас басқа елдерде де байқалып отыр. "Аптаның басынан бастап мұнай бағасының оң түзетуі бар мынадай валюталардың кейбір төмендеуі болды: 19 маусымда күн жабылғаннан бастап ағымдағы сәтке дейін теңге шамамен 2,3 пайызға, Ресей рублі 2.7 пайызға; Канада доллары 0.5 пайызға; Бразилия реалы 1.4 пайызға, Норвегия кронасы 0.7 пайызға төмендеді. Жұмадан бастап теңге 3 пайызға, Ресей рублі 4 пайызға, Канада доллары 0.6 пайызға, Бразилия реалы 1.1 пайызға, Норвегия кронасы 1.4 пайызға құлдырады. Қазақстан Ұлттық Банкі өз кезегінде валюта нарығындағы ахуалды қадағалауын жалғастырып отыр және артық құбылмалылықты реттеу жөнінде шаралар қабылдау құқығын өзіне қалдырып отыр. 2015 жылғы 20 тамызда валютаның еркін өзгермелі бағамының режиміне өткен сәттен бастап ұлттық валютаның айырбастау бағамы нарықтық болып табылады және валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Бұл қаржы секторындағы теңгерімсіздіктіңжинақталмауына, сондай-ақ экономиканың сыртқы факторлардың өзгерістеріне орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

 




Көрілген: 1262    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.06.2017, 16:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Маусым 2017
    Теңге нығайып жатыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31